Әйгілі «Forbes» басылымы әлемдегі ең бай хип-хоп орындаушылардың тізімін шығарды! Ауқаттылар көшін, Ким Кардашьянның асыл жары Канье Уэст бастап тұр.
Рэпердың жылдық табысы 150 миллион долларды құрайды. Өнерпаздың қалтасының қалыңдауына, оның Adidas компаниясымен бірлесе шығарған Yeezy спорттық аяқ киімдері сеп болған. Мамандардың есебінше, көп ұзамай кроссовки сатылымы 1,5 миллиард доларға жетпек.
Ал, аталмыш тізімде өткен жылы көш бастаған Jay-Z, биыл екінші сатыны місе тұтты. Бейонсенің ғашығы 12 айдың ішінде 81 миллион доллар табыс тапқан. Жұлдызды отбасы «On The Run II» турнесінің арқасында мол қаржыға кенелген екен.
Бай-бағландар үштігін 75 миллион долармен Дрейк тұйықтайды! Тректері хитке айналып, талай музыкалық чарттардың алдыңғы қатырынан түспеген орындаушының «Forbes» тізімінен табылуы заңды құбылыс.
Сондай-ақ, «дәулеттілер» арасынан Трэвис Скотт, Эминем, DJ Khaled пен Кендрик Ламардың есімдерін де көзіміз шалды.