Жұлдыздар неге жаппай имиджін өзгертіп жатыр?
Ілиясованың қуанышына ортақтасқан Гүлнәр Сильбаеваның жаңа образы меймандардың назарын бірден аударды. Актрисаның тың бейнесі бұл кеште талқыға түскен басты тақырып болды.
Гүлнәр Сильбаева, актриса:
- Байқасаңыздар, осындай «сылқым» кейпіндемін. Бұл кезекті картинадағы жаңа образым. Өзіме ұнайды.
Алғаш рет шашының табиғи түсін «қызғылт» реңке ауыстырған Гүлнар, енді түрлі эксперименттерден бас тартпаймын деп отыр. Актрисаның мұндай шешімін, Алтынай Жолдыбаева құп көреді.
«Көк дреды» үшін сынның астында қалса да, әнші қыз әрдайым өзгеруден қорықпайды.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
– Неліктен қазақ қызы батыл бола алмайды? Неліктен қазақ қызы жарқын бола алмайды? Мен ойлаймын, әрбір қазақ қызы ішінде батыл мінезі болатын болса, жарқындығы болатын болса, ол қыз міндетті түрде өзін көрсете алады, өзін көрсетуге толықтай құқығы бар.
Шоу-бизнес саласында, дәл мұндай «батыл» қазақтың қыздары жетерлік. Мәселен, олардың көшін Мақпал Исабекова мен Лидо бастаса, күні кеше экс-аюмилік Айдана Шәріпханованың шашын көк түске бояуы жанкүйерлерін таңқалтты.
Алайда, жұлдызды хэйр-стилист Балнұр Қуантай алуан түсті шаш трендтен қалып қойды дейді.
Балнұр Қуантай, хэйр-стилист:
- «Естественный» ғой, бәрі сол шаш үлгілеріне көшіп жатыр. Ал, шаш бояуына келсек, қайбір жылдары неше түрлі түстер тренд болып кетіп еді. Қызыл, сары, көк, жасыл. Ол да қазір қалды.