- Жыл сайын урбан-мәдениет қарқын алып келеді. Жаңашылдықты жатсынбайтын, шектеулерге бағынбайтын жастардың спортқа деген қызығушылығын «EQ», «Ayree», «Ziruza», «M’Dee», «Mad Men» сынды нью-скул әншілер де қолдайды.
«Almaty Urban fest» шарасы спортқа құмар жандарды бір алаңға жинады.
Көше билері, стритбол, граффити, ролик және скейтборд сынды түрлі заманауи бағыттар бойынша жасөспірімдер өзара жарысқа түскен еді. Фестивальдің жабылу салтанаты нью-скул әншілердің концертімен аяқталды.
Айсара Бисенова, тілші
Жастардың кумирлеріне айналған әншілердің өздері, спортпен шұғылдана ма? Қазақ поп-музыкасының жарқын өкілдерінің бірі EQ тобының мүшелерінен сұрайық? Жігіттер сәлем!
EQ тобы:
- Сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?
- Шұғылданамыз, күнделікті.
- Бицепстарыңды көрсетіңдерші? Көрінбей тұр дымда.
- Шешіп көрсей.
- Менде де бар.
- Аптасына қанша рет спорт залға барасыңдар?
- Соңғы кездері күн сайын барым жүрміз. Тек воскресенье выходной.
- Мәссаған. Дәлелдей аласыңдар ма?
- Мен бір қолыммен өзімді көтере аламын.
EQ жігіттері өнер мен спортты қатар алып жүрсе, жас өнерпаз M’Dee-дің
дене шынықтыруға мүлдем құлшынысы жоқ. Музыкант бар уақытымды тек шығармашлығыма арнаймын деп отыр.
M’Dee, әнші:
- M’Dee спортпен шұғылданасыз ба?
- Шынымды айтсам жоқ. Спортпен аса дос емеспіз. Оған уақытым да жоқ және менің жалқаулығым басымырақ.
-Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
-Бос уақытымды тек музыкаға арнаймын, күнделікті студияда ән жазумен отырамын.
Ал, поп жанрында ән шырқайтын арулар болса, фитнес залдарға мүлде жоламайды. Есісіне, мінсіз мүсіндерін қалыпта ұстаудың өзге тәсілін біледі.
Ziruza, әнші:
- Зируза спортпен шұғылданасың ба?
- Спортпен негізі шұғылданбаймын. Менің спортым ол би.
- Мінсіз мүсінді қалай сақтап жүрсің, хореографиямен ба?
- Иә, негізі көбінсе ол хореография. Себебі мен күнде хореографияға барамын. Аптасына бір-ақ рет қана демаламыс болады.
- Қай жанрда билейсің?
- Жанр дегенде, көптеген жанр Hip-hop, Rnb бар. Соның барлығын біріктіруге тырысамын.
Ayree, әнші:
-Айри, сенің әрбір әнің би қойылымдарына негізделген. Хореографиямен кәсіби айналысасың ба?
- Иә, әрине. Әрбір әнге, хореограф бізге, постановка қояды. Жалпы, иә.
- Спортпен шұғылдануға уақытың бар ма?
- Әрине, тренажерный залға барамыз.
- Қандай өнерің бар, қандай дене шынықтыру жаттығуларын білесің?
- Приседание.
- Бірге жасайық!
Crystalz тобы:
- Қыздар, сендер кәсіби хореографиямен айналысасыңдар ма?
-Ия, әрине айналысамыз. Бізде үш профессионалды танцорлар бар. Ол Мона, Сұлу және Нели. Арасында олармен бірге хореографияны үйренетініміз бар.
- Біздің көрермендерге бір, кью-поп биінен бір көрсете аласыңдар ма?
- Мен артында осылай әдемі болып тұра берейін. Қыздар шпагатқа отыратындарың бар ма?
- Иә.
- Негізі әзіл ретінде алдайын дегем. Бірақ болмай қалды.