Apple өнімдерінің жанкүйерлері, су жаңа смартфонға бірінші болып қол жеткізу үшін, қазірден бастап қамдануда. Әлем бойынша, iFhone қолданушылары арасында жұлдыздар да жетерлік. Мәселен, Дэвид Бекхам телефонын бір сәт те жанынан қалдырмайды. Одан бөлек, Пэрис Хилтон, Джессика Альба, Наоми Кэмпбелл де аталмыш марканың адал тұтынушылары.
Отандық кейбір өнер өкілдері де, гаджеттің сатылымға түсуін күтіп жүрген көрінеді.
«Кешью» тобы:
- Тренді қуалағанда енді әрине, сапалы нәрсе дейді ғой, ұстағымыз келеді. Сондықтан, соңғы шыққан үлгілерді қарап жүреміз.
Жұлдыздар қауымы әсіресе, Iphone-ның жаңа функциялары мен мүмкіндіктері өмірді жеңілдете түсетінін жасырмайды. Сондықтан болар, Динара Сұлтан смартфонынсыз өзін бір сәт те елестете алмайды.
Динара Сұлтан, әнші:
- Кейбірде бірнәрселерді білмей қалған кезде, өте жақсы көмек. Жаңағы әлеуметтік желілер. Google компаниясы, т.б. қазір көпқой. Карта туралы да айтса кетсем, мен үшін ол жүргізушілерге жақсы көмек.
Есесіне, Данияр Өтеген жаңа технологиялардың қарыштап дамуы, адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін деп дабыл қағуда.
Данияр Өтеген, «RinGo» тобының әншісі:
- Күнде гаджеттарды қолданып, оқуында да, бүкіл өмірінде қолдана берсе, шынымен де адамның өзінің ойлау қабілеті түседі. Себебі, өзі ойламайды, өзі санамайды. Мысалы, калькулятор шыққалы бері ешкім ойында санамайды. Ол әрине ой-сананы арқа шектейді.
Дегенмен, әншінің өзі, смартфондардан түбегейлі бас тартуға әзірге дайын емес көрінеді.