КСЕНИЯ СОБЧАК ЖҮКТІ МЕ?

Сообщить о проблеме с эфиром

13-ші қыркүйек күні режиссер Константин Богомоловпен заңды некелерін қидырып, 300 мейманның басын қосып аламан той өткізгелі жатқан Ксения Собчактың да көпшілік аяғы ауыр деп топшалаған. Мұндай қауесеттің желдей есуіне сылқымның мінсіз мүсінінің аздап өзгергені сеп болғанды. Бірақ, тележүргізуші бүгін бұл жалған ақпарат деп, өзі жайлы негізсіз әңгімеге нүкте қойды.

Скарлет Йохонсон да қызу талқыға түсіп жатыр. Сылқым Вуди Алленді қорғаштаймын деп басы дауға қалды. Еске салсақ, режиссердің өгей қызы, «әкем мені 7 жасымнан бері зорлап келеді» деп сотқа шағым түсіргенді. Бірақ, бұл айыптауларды дәлелдеу мүмкін болмаған. Осыдан соң, Вуди Алленді қызғыштай қорып, Скарлет жұртшылыққа хат жазған. Қылмыскерді жақтадың деп көпшілік, енді актрисаға дүрсе қойды.

Орландо Блумды жақтағандар мен даттағандар екі тарапқа бөлініп, өзара соғысып жатыр. Оған себеп – актердің баяғыда бақилық болған итінің сүйегін үйінде сақтап қойғаны. 2004 жылы шөл далада фильм түсірілімі барысында тауып алған күшігі, 12 жыл адал серігіне айналғанын айтады сері.

Орландо Блум – актер

- Сиди ең жақын досым болды. Оның өлімін қабылдай алмадым. Қатты қиналып, күйзеліске де түстім.Сондықтан, сүйегін үйде қалдырып, күнде қарап жүремін деп шештім.

Актердің бұл сұқбатын тыңдағандардың басым көпшілігі оны «есінен адасқан» деп топшалауда.