Әлеуметтік желі қолданушылары Аша Матайдың екінші рет ана атанғалы жатқанын болжап, жаппай құттықтап та жатыр. Бірақ тележүргізуші сүйінші жаңалықты барынша жасырып келсе, жары әнші Арман Қоңырбаев құпияны ашып қойды.
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының мүшесі, әнші
- Негізінде ол шындық, күтіп жатырмыз. Аман-есен босанса деген ниеттеміз, құдай қаласа.
Тұла бойы тұңғыштары Асылымға да аяғы ауыр екенін жұлдызды жұп біразға дейін сыр сақтады.Сұқтанған көз бен өткір тілден тайсалып, ырымдап сүйінші хабарларын мейлінше құпия ұстады. Тіпті, қыздарын алғаш рет тұсау кесер тойында ғана әріптестері мен достарына арнайы таныстырып, сол сәттен кейін суреттерін әлеуметтік желіге жүктейтін болды.
Аша Матай, тележүргізуші
- Әрине, көз тиіп кете ме қорқамыз. Оның үстіне, ол да кішкентай тұлға ғой, біздің танымалдығымыз оған кері әсерін тигізбеуі қажет.
Осы жолы да жұлдызды жұп екінші перзентін күтіп жүргендерін барынша жасырып келген. Дегенмен, әлеуметтік желі арқылы Аша Матайдың мүсінінің өзгергенін байқаған жұртшылық, түрлі болжам жасауға көшті.
Қанша ай? Үш ай ғой деймін? Ұл болады!
Алла бұйыртса ұл болады, менің көзім бұрыннан УЗИ!
Бұйыртса, ұл болады-ау?! Бұрынғыдан да ажарлана түсіпсіз!
Жұлдызды ата-ана жоғарыдағы қауесеттердің нүктесін қойды. Енді, тележүргізуші жүктіліктің соңғы айларына дейін экраннан түспеймін деп отыр. Жұмысынан қол үзгісі келмейтін жұбайына Арман Қоңырбаева барынша қомқор болуға ниетті.
Аша Матай, тележүргізуші
Мені үнемі аяп отырады. Мүмкін сол жұмысыңды тастарсың, мүмкін демаларсың, мүмкін бір күн істеп, бір күн демаларсың деген сияқты әр түрлі варианттарды айтады. Оның барлығы уайым ғой, өзінің сүйіктісіне деген уайым.