Алуа Қонарова жаңа жобасын таныстырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Шынымды айтсам қазіргі таңда қатты шаршап жүрмін енді байқағандаймын.

Жиырма жыл шоу-бизнестің «қазанында қайнаған» Алуа Қонарова, жаңа жобаларды қанатының астына алудан бас тартпақ емес. Соның бірі – таяуда тұсауы кесілгелі отырған Асылтас Аяп. Ақтаудан келген ару биыл Эстрада цирк колледжін тәмамдады.

Алуа Қонарова, продюсер

- Асылтас өте талантты, ол әндерін өзі жазады. Алғашқы тректі ғана Мархаба Сәбиден сатып алғанмын.

Жуырда жарыққа шыққалы отырған әнжинақтың басым бөлігі Асылтастың өз туындыларынан құралады. Енді сәтін салса, жаз мезгілінде бейнебаян түсіруге ниетті. Екі жыл бойы жас әртісті үлкен сахнаға дайындаған продюсер, ұзақ уақыт әзірліктің себебін де түсіндірді.

Алуа Қонарова, продюсер

- Қазіргі заманда барлығы тез дамып, өзгеруде, шоу-бизнес мың құбылуда, әртістер де көп. Сол себепті талапқа сай болу керекпіз

Қонарованың дебют алғалы отырған жобасына қолқа салғандардың саны жетерлік. Сондықтан продюсер ханымның «дайын асқа тік қасық» болуды көздеп жүргендерге айтары бар.

Алуа Қонарова, продюсер

Бұл дайын өнім, менің жобама сұқтанып жатқан продюсерлер бар, мен оны ешкімге бермеймін, бұл таза Қонарованың өнімі