Нью-Йорктің супер полицейі атанған қазақ жігіті EXPO-2017 аясындағы бокс кешінде жұдырықтаспақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йорк шаһарының супер полицейі атанған қазақ жігіті Димаш Ниязов, EXPO-2017 аясындағы бокс кешінде жұдырықтаспақ. 28-жасар Ниязов кәсіпқой рингте 2011 жылдан бері 14 жекпе-жекке шығып, 11 мәрте ұтқан. Барлық кездесулерін АҚШ аумағында өткізген ол, әлі жеңіліс дәмін татып көрмепті.

Димаш, Boxrec мәліметінше жеңіл салмақтағы америкалық былғары қолғап шеберлерінің тізімінде 35-ші орында тұр. 9 қыркүйекте Астанада болатын бұл айтулы бокс жәрмеңкесінің басты айқасына Қанат Ислам шығады.