Көптен күткен ұлы той! Айқын мен Жұлдыздың мерейлі мерекесін осылай атасақ артық болмас. 600 мыңдық неке жүзігі, 6 қабатты тәтті десерт, аймен безендіріліп, жұлдызбен көмкерілген мейрамхана. 9 жылдан кейін ұл-қызын қасына жинаған жұлдызды жұптың үйлену кеші жыл тойы аталымына лайық-ақ.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
– “Девушки любят бриллианты” демекші, сол гауһартастармен көмкерілген. Түрін көрсетіп қояйын, мынау бірінші тұрған осы гаухартасы бар сақинам.
– Ал оған дейін 9 жыл бұрын алған сақинаңыз?
– Ол да жанында тұр. Ол екінші боп тұр.
Тойға Мадина Садуақасова, Дастан Оразбеков, Аша мен Арман, Айдай Исаева, Тамара Асар бастаған отандық селебрити өкілдері жиналды. 300 мейманның басын қосқан кештің басты хэдлайнері Чумаков болды.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Ол кісінің енді бағасы да сұмдық екен, райдері де. Райдерінің өзі 10 мың евро тұрады.
Жұлдыз Өмірғали үйлену тойына қос көйлек тіктерсе, Фариза Ескермес 3 қалыңдық образын дайындаған.
Фариза Ескермес, актриса:
– Мен үш көйлек тіктірттім. Енді өмірде той бір-ақ рет болады ғой үйлену тойы. Сол үшін. Үйлену тойда әдемі болайын, әртүрлі образ болсын деп үш көйлек таңдадым.
Жазира Еркін, актриса:
– Бізде бүгін творческий номер. Иә, құрбылардың атынан барлығымыз өнер жолында жүргендіктен, бүкіл талантымызды салып креативті қарап бір өнерлі сыйлығымыз бар
«НТК» роднойдың да тойын қалт жібермеді. 400 қонақтың басын қосқан Еламан Есентаевтың желіде жасырған жарын эксклюзив жасап көпке көрсеткен «Revue News». Ал тойда Аружан келіннің бетін ашып, туған-туысқа таныстырған шоумен - Қабдол.
Еламан Есентаев, кинопродюсер, актер:
– Өзім шыны керек, бұрышта отырып, ұялып отырдым. Ақшаны сұрап жатқандай болдым... Онымен қоймай көп бергендерге айтып қоямын, қайтарып берейінші деп. Сөйтсем жоқ бетаашар, беташар деп қояды. Сөйтсем шынымен шын жүректен беріп жатыр екен.
Беташарда достары мәрттік жасаған жігіттің өзі де жомарттық танытып, қалың малға 5 млн берген екен. Жөн-жоралғылардың бәрін тиісінше орындап, құсын қондырғандар қатарында Ермек Шымболатов та бар.
Ермек Шынболатов, актер:
– Шымкенттің қалыңмалы өте көп екенін білемін, қанша төледің?
– Айту керек па оны?
– Айтсаңшы?
– Қысқасы бәрін қосқанда 4 млн бердім ғой.
Тойға бір апта қалғанда Ақбота-Нұрмен сүйіскен сахнасы желіде желдей есіп, күйеужігітті әбігерге салғаны рас. 18-ден енді асқан келіншегі Гүлбалаға да бұл ақпарды қабылдау оңай соқпаған көрінеді. Бірақ махаббат бәрін жеңді.
Мағжан Нұрғали, актер:
– Біз Туркияда жүрген кезде екеуі ұялы телефон арқылы сөйлесетін, ұйқы бермей таңға дейін. Көзі ісіп түсірілім алаңында екеуі сөзге келіп жүретін.
Үйлену эстафетасын Archibaaalt қабылдағандай-ақ. Ұлу жылының соңында блогер сүйіктісіне жүрегі мен жүзігін ұсынып, «келер жылы той»,- деп сүйіншілетті. Әнші Ayree мен Айжұлдыз Адайбекова да өмірлік серіктеріне «иә» деп жауап қатты. Демек 2025 жыл да жұлдызды тойларға толы болары сөзсіз.