Аlem, Zaq, Олжас Нұрбай. Су жаңа әкелер қатарында тағы кімдер бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл біраз жұлдызды отбасылар толығып, шаңырақтарында сәби үні естілді. Көпшілік жұлдызды жұптардың домаланған іштеріне қарап, болжам жасап жүрген уақытта Баян мен Түрсен Алагөзовтер ата-ана атанғандарын хабарлап, жұртты дүр-сілкіндірген еді.

Жарқынай Ханайым, Б. Мақсатқызының келіні, актриса, әнші:

- Біз де күткен жоқпыз, әрине Айдар менен естіді. Мен инстаграмнан көрдім. Сондықтан біз өте қуаныштымыз. Шыны керек, ол кісілер осындай бір осы жасқа келген кезде ата-ана болғаны, шыны керек, біздің өміріміз енді ғана басталып жатыр екен ғой

 

Жұлдызды әулеттегі жалғыз қуаныш бұл емес. Анасын перзентханадан шығарған Айсауле көп ұзамай өзі де үшінші сәбиін бауырына алды. Көпшілігі махаббат хикаясын күлшеқыздың оқиғасына теңейтін Мерей Абилова да ана атанды. Футболшы Димаш Кашкен қыз сыйлаған жарын 3 айдан бері бренд сыйлықтармен қуантып жатыр.

91-лік Alem мен Zaq та әке атанды. Батырхан Мәлікұлы атұстарына Тай деп есімін қойса, Дулат Мұхамедқалиев ханшайымын Айрин деп атаған.

 

ИК-лық Азамат та жаңа статуста! Перзентінің жүзін жасырған ата-ана ханшайымдарын Амани атаған. Тұңғышын бауырына басып, әке атағын иелегендер қатарын Олжас Нұрбай толықтырды. Жары актриса-Ұлбосын Шалқарова шекесі торсықтай ұл сыйлады. Revue news ұжымы достарынан қалыспай перзетханадан шығару сәтіне куә болып, құттықтап қайтты.

 

Олжас Нұрбай, режиссер:

– Құтты болсын ұлды болғаның. Атын кім қойдыңдар, кім қойды?

– Атын НТК деп қойдық, әзіл.

– Атын Альтаир деп қойдық. Иә, өзіміз шешіп қойған есім. Менде 5 вариант болды. Сосын түріне қарап, мінезіне қарап шамамен осы келеді-ау деп ойладым.

Ал Тәуекел Мүсілім мен жары Махаббат үшінші сәбилерін күтіп жүр. Қызды болғысы келген актер шетелде гендер пати жасап, тағы да ұл дүниеге келетінін білді. Ақан Сатаевтың қызы Мариям болса екінші мәрте ана атанбақ.

Құрсақ көтерген барша арулар періштелерін аман-есен бауырларына алсын деп тілейміз.