Instagram-нан тректері жоғалған әншілер бас көтерді.

Бірер аптадан бері Instagram отандық әншілердің туындыларын бұғаттап тастаған. Тректерін тарату мүмкіндігінен айырылған жұлдыздар, мән-жайды түсінбей дал. Аталмыш платформаға иелік ететін Мета компаниясының өкілдері мәселені «Қазақстан авторлық қоғамы» ұйымымен келісе алмағандығымен түсіндірді. Қос тарап ортақ мәмілеге келе ала ма, толығырақ әріптесім Қазына Әбдіғапбар баяндап берсін...