«Ғасыр» концерті. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаров коллаб жасады. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың Тұрсынбек Қабатовпен араздасып қалғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанат Әлжапбаров пен Қайрат Әділгерей «Ғасыр» концертін Алматыда да өткізді. 30 – қыркүйекте Үржардан басталып, Қазақстанның барлық аймағында ұйымдастырылған іс-сапарларының соңғы аялдамасы елордамыз - Астана.

Қанат Әлжаппаров, актер:

Ғасыр концерті құтты болсын. Қайрат ағамен коллаб жасау кімнің идеясы?

Әйелдеріміздің десең иә?

Негізі өзіміздің идеямыз. 40 жасқа толып жатырмыз, гастрольге шығып көрсек қалай болар екен деп жасалған дүние ғой.

Қайрат Әділгерей, актер, кинопродюсер:

Әзіл болсын, монолог, қалжын қойылымын жазған кезде, сол өңірдің менталитеті ескеріле ме?

Әр елдің менталиететі ескеріледі және гастрольдық сапарда сол жерде ғана айтылады. Басқа қалаларда қандай проблемалар бар, соны біз әзілмен тілге тиек еттік.

Ал бүгінгі концертте қандай тақырыпты қозғайсыздар?

Бүгінгі концерттің тақырыбы құрдастар, 40 жылдық мерейтой. Тағы өзекті тақырыптарды қозғаймыз.

 

Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, коллаб жасаған ел ағаларының бұл концерті көпшілікті ойландырып қойғаны рас. «Тұрсынбек Қабатов бастаған саңлақтардан бөлініп кетті»,- деп болжағандар да аз емес. Десе де уайымдауға еш негіз жоқ. Себебі қос әртіс жігіттермен әлі де бір сапта екенін айтып, «Әзіл әлемінің» 15 жылдық мерейтойына дайындалатындарын жеткізді.

Қайрат Әділгерей, актер, кинопродюсер:

Тұрсынбек ағамызға айтқан кезде құп берді. Өте керемет, тамаша деп батасын берген болатын. Бүгін денсаулығына байланысты келе алмады. Астанада міндетті түрде қатынасады. Бізде енді көбісі интрига ғой. Не болып жатыр деген сияқты. Бұл да творчестволық жоспарымыздың бөлшегі.

 

Кеште әнші, әрі Қайрат Әділгерейдің жан-жары Бақыт Тұрман және жастар арасында танымал музыкант QANAY бой көрсетті. Әнші гастрольдік сапарларға шығармашылық ұжыммен бірге барып, шалғай өңір тұрғындарын тректерімен тербеп қайтқан.

QANAY, әнші:

Ауыл-аймақтарға да барсам деп тілеп едім. тілегім қабыл етіліп, ауыл-аймақтарға да концерт қойып, өзімізі таныстырып келе жатырмыз.

Бақыт Тұрман, әнші

Бірге жүрсіз. Киімін бәрін сіз дайындап бересіз бе?

Жоқ, концертке киімін мен дайындаған жоқпын. Өйткені бұл команда.Тіпті киімін үтіктейтін, тазалайтын, аяқ киімін алып жүретін, концертті ұйымдастыратын барлық міндет бөлінген, сондықтан мен бұл жерге қонақ ретінде келіп жүрмін.

 

Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерейдің кеші әлі де жалғасады. «Ендігі меже Тараз, Меркі, Шу, Қарағанды», - дейді әртістер. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке тынығып, күлкілі қарық болғыңыз келсе, қапы қалмаңыз.