Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar
– Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар кім? Бір аптаға созылған 17-ші халықаралық еуразия кинофестивалі бүгін өз жеңімпаздарын анықтайды. Әділхан Ержанов, Шәріп Серік пен Ермек Шынболатов Азияның үздігі атана ма, бірге білеміз.
Үш құрлықтан келген «Еуразия» кинофестивалінің қатысушылары мен қонақтары бір апта бойы 30-ға жуық фильм тамашалады. Қазылар алқасы ақтық сынға таңдап алған 22 картинаның үшеуі отандық туынды.
Орталық Азия және түркі әлемі байқауы бойынша ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Татарстандық Эльза Каримова таңдалса, үздік ер рөлі қырғызстандық Абылай Маратқа бұйырды. Ал «Жоқтау» картинасындағы режиссерлық жұмысымен Аруан Анартай басты статуэтканы иемденді.
Аруан Анартай, «Үздік режиссер» номинациясының жеңімпазы:
– Міне үздік режиссер статуэткасы. Кімді таңдаймыз деп ұзақ талқылаған көрінеді. Фильмді 1,5-2 жыл бұрын түсірдік. Бұл туындымыз жазда Швейцариядағы Локарнода өткен фестивальде арнайы сыйлыққа ие болды. Премьерамыз да бірінші сол жақта көрсетілді. Жеңіске Италиандық режиссердың картинасын сыйға тартты.
Ал «Еуразия» Анартайтегіне 2 миллион теңге ақшалай сыйлық берді. Алайда режиссер ол сомманы фильм продюсеріне жібергенін айтады.
Аруан Анартай, «Үздік режиссер» номинациясының жеңімпазы:
– Басты қарсыласым Якуттық фильм болатынын ішім сезді. Өйткені фильмді шынында да жақсы түсірген, маған ұнады.
Ал Польшалық «Жоқтың қасы» картинасы «ең үздік ер рөлі» мен «үздік режиссура» номинациялары бойынша жеңіске жетті.
Гжегож Дебовский, «Үздік фильм» номинациясының жеңімпазы, режиссер (Польша)
– Жоқ, мен әлі сене алмай тұрмын. Біздің актеріміз үздік ер бейнесін жеңгеніне қуанып тұрғанымда, үздік фильм деп тағы марапаттағанда, тіпті сенбей қалдым. Әділ қазылар алқасы өте танымал, мықты мамандардан құралған. Әсіресе Нури Бильге Джейлан секілді режиссердің қолынан бас жүлдені алу мен үшін үлкен мәртебе.
Отандық «Тұл» картинасымен байқауда бағын сынаған Шарипа Оразбаева да құр алақан қайтпады. Режиссер қазылар алқасының арнайы дипломы мен 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлығына ие болды.
– Әділ қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болдыңыздар.
Шарипа Оразбаева, режиссер:
– Мен күткен жоқпын. Өйткені «Еуразия» халықаралық фестиваль мұнда үлкен-үлкен фильмдер көрсетіліп жатыр. Сондықтан да осындай сыйлық бұйырғанының өзі біз үшін үлкен қуаныш.
Оразбаеваның «Тұл» картинасы небәрі 12 күнде таспаланған. Кино мансабын волонтерлықтан бастаған режиссердың бұл алғашқы жеңісі емес екен.
Шарипа Оразбаева, қазылар алқасы ұсынған арнайы диплом иегері, режиссер:
– Екі жыл бұрын «Қызыл анар» деген фильммен мен бас жүлдені ұтып алған едім. Ал қазір халықаралық конкурсқа қатысып арнайы диплом жеңіп алдым.
Салтанатты шараның жүргізушісі, актер Әділ Ахметов шығармашылық пен мәдениет ошағына айналған «Еуразия» кино өнердің қарыштап дамуына мол үлес қосатынына сенімді.
Әділ Ахметов, театр және кино актері:
– Мықты киномотографтисттер келеді. Өздерінің өнерін осы жерде туындыларын көрсетеді. Оны көрген біздің жас мамандар болашақ режиссерлар актерлар тіпті композияторлар болсын өзіне керектісін алады.