Бұл сұлулар 9 ай бойы іріктеуден өткен үздіктер. 2000-нан астам ару қатысқан кастингте оқ бойы оза шапқан бикештер. Өткен аптада «Miss Qazaqstan – 2024» атағы үшін бақ сынайтын финалистерді таныстыруға арналған баспасөз маслихаты өтті.
Айжан Рузаева, «Miss Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының директоры:
– Биылғы байқаудың ерекшелігі туралы айтып беріңізші.
– Биыл халықаралық сұлулық байқаулары қатысушылардың жас ерекшелігіне қатысты өзгерістер енгізді. Байқауда 28-30 жастағы да сұлуларымыз бақ сынайды.
Алма Хабулова, «Miss Qazaqstan 2024» ұлттық сұлулық байқауының қатысушысы:
– Жасым 30-да. Байқауға қатысу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Меніңше есейген сайын айтарымыз көбейе түседі. Сондықтан жас ерекшелігінде шектеу болмауы – өте дұрыс шешім.
Қатысушылар еліміздің барлық өңірінен таңдалған. Көп ішінен дараланған арулар тек сыртқы сұлулықтарын дәлелдеп қана қоймай, жоғары интеллект иесі екенін көрсетіп, талантын паш етуі тиіс.
Айжан Рузаева, «Miss Qazaqstan» ұлттық сұлулық байқауының директоры:
– Күн сайын түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Мәселен бүгін караоке батл өтеді. Сондай-ақ, қыздар топқа бөлініп, кулинарлық қабілеттерін де көрсетпек.
Анеля Шормакова, «Miss Qazaqstan 2024 » ұлттық сұлулық байқауының қатысушысы
– «Miss Qazaqstan» байқауының басталуына санаулы күн қалды. Дайындық қалай жүріп жатыр?
– Қазір графигіміз өте тығыз. Таңғы 7-ден түнге дейін. Дэфилеміз бар жаттығуларымыз бар.
Пресс-конференцияда қыздар дефиле көрсетті. Қонақтар әр қатысушының жетістіктері мен артықшылықтары жайлы ақпар алды. Ресми бөлімде биылғы байқаудың концепциясы «Әйел болу – өнер» тақырыбының таңдалу себебі түсіндірілді.
Аяулым Алимхалиева, «Miss Earth Qazaqstan 2023»
– Былтырғы сұлулық байқауының жеңімпазы ретінде қыздарға қандай баға бересіз? Көңіліңізден шықты ма?
– Әрине, көңілімнен шықты. Себебі қатысып жатқан қыздар өте әдемі. Тек сыртқы дүниесі ғана емес ішкі жан дүниксі де әдемі. Біз 19 қызды көрдік. Негізі тағы бір сюрприз деп айтсақ та болады. 20 қатысушы бар. Ол кім екенін өзім де білмеймін, өзіме де қызық. Алдағы уақытта көре жатармыз.
Ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы 5-желтоқсан анықталады. Дәл осы күні бір бойында ізгілік пен әдемілікті, мықтылық пен даналықты қатар алып жүрген ару анықталып, тәждің иесі атанады.