Nazima, Садраддин, Қобыланды Болат. Қазақстандық әртістер Диснейдің ресми дауысы атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek

Моана кейіпкерлері енді қазақша сөйлейді. Жұлдызды актерлық құрамда ТМД-ны хиттерімен тербеп жүрген Nazima мен танымал әндердің орындаушысы Садраддин бар. Disney таңдаған дыбыстаушылардың тізімін тағы кімдер толықтырды? Бірге білейік.

Тынық мұхиты аралындағы шытырман оқиғаны баяндайтын «Моана 2» фильмін Disney компаниясы өз қаражатына аударды. Ал бастамаға ұйытқы болған «Қазақ тілі» қоғамы.

Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

Батылдық, жігерлілік, ойдың тазалығы, басты айтылған жаңа месседждердің бірі – қателесуден қорықпау.

– Бұған дейін қазақ тілінде дыбысталған фильмдерден біз қазақы әзілді байқадық. Сол тәжірибені қолдандыңыздар ма?

Иә, әрине. Қолдандық. Қалжын арқылы, мақал-мәтел, қазақы сөздер арқылы біз осындай жобаларды қазақ көрерменімізге жақындатамыз.

 

Балаларға арналған базарлықтағы басты кейіпкерді қазақ тілінде дыбыстау мәртебесі Құралай Өтеповаға бұйырды. Есімі көпшілікке таныс болмағанымен, Моана қыз дубляж саласынан мақұрым емес. Дисней таңдаған актрисаның портфолиосында «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі бар екен.

Құралай Өтепова, актриса:

Тіпті түсіме кіріп, армандап көрмеппін. Алайда Disney -дің туындыларымен өскеннен кейін бұл таңғажайып әлемге мен қашан да жақын болатынмын.

Дыбыстауға келген кезде режиссер бірден айтты Қызғаныштың рөлінен шық деп. Бұл кішкентай қыз емес, бұл бойжеткен қыз, мұраты бөлек. Бірінші бөліммен салыстырғанда екіншім Моана тіптен ересек. Жаңа Муана.

 

Анимациялық фильмнің ерекшелігі музыкалық партиялардың көптігінде. Сондықтан дыбыстаушылардың вокалдық қабілеті де ескерілген. Басты кейіпкер шырқайтын әндерді екі тілде де Nazima орындайды.

Nazima, әнші

Моананы дыбыстау бөлек әңгіме, ал Моана сияқты ән салу қиын болмады ма? Қиын деп айта алмаймын. Себебі диапозоным мен дауысым ұқсайды. Оның дауысы кішкене жоғары, егер өз дауысыммен сөйлесем, кішкене үлкен қыздың дауысы секілді. Шын мәнінде қалай жүзеге асқанын білмеймін бірақ маған режиссерлер көмектесті.

Өмірдегі Назима мен Моананың ұқсастықтары бар ма?

Иә, бар.

Бүгін әкеме айтқанмын. “Есіңізде ме мен кастингке кетем дегенде, сіз мені жібермедіңіз дедім. Бірақ мен үйден қашып кеттім. Сол Моанада 1-де ол да қашып кетеді. Сонысымен ұқсаймыз.

Ал алпамсадай Мауиді Қобыланды Болат дыбыстады. Әнші жабық көрсетілімге кішкентай ханшайымын ерте келіпті.

Айбибі Береке, актер Қ. Болаттың қызы.

Мауиді кім дыбыстағанын білесіз бе?

Білемін әке

Ұнады ма ?

Күшті болды. Маған қатты ұнап қалды.
Танымал ханшайымның оқиғасының жалғасын күткен көрермен дән риза. Жоғары деңгейдегі дыбыстау, шытырманға толы сюжет көпшілікті баурай алғандай. Ендеше Моана мен Мауи жаңадан қосылған ержүрек теңізшілермен бірге саяхатқа аттанғыңыз келсе, үлкен экрандарға асығыңыз.

Шах-Мұрат Ордабаев, дубляж режиссері:

Келесі жылы шығатын фильмдердің саны тікелей осы 3 фильмнің кассалық көрсеткішіне байланысты. Қазақ тілді прокат өз көрерменімізден көмекке мұқтаж.