«НТК» арнасында жаңа телехикая! Көрерменнің крашына айналған актер Дамир Амангельдин кейіпкері үшін қандай қадамға барды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Чингиз Капин, актер:

- Сценарийді оқығанда бірден ұнаттым. Себебі қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп қана қоймай, сериялдың желісін шиеленіске толы махаббат оқиғаларымен ұштастыра білген. Рөліме келетін болсақ, спорттық ойындар туралы болжам сататын капперлердің басшысын сомдаймын. Әдеттегідей антогинст кейпінде көресіздер.

Телехикаяның желісі қаржылық қиындыққа тап болған Ұлан есімді жігіттің төңірегінде өрбиді. Мәселені шешу жолында дәрігер-интерн алаяқтардың қатарына қосылуға мәжбүр болады. Басты рөлді Дамир Амангелдин сомдайды. Қызығы, актер құмар ойынның құрығында жүргендердің ішкі сезімін нақ жеткізу үшін түсірілім алдында бәс тігіп көрген екен.

Дамир Амангельдин, актер:

- Сериялдың алдында ставка қойып көрдім. Сүйтіп мен қойған кезде, 5 мың теңге қойғам ғой. Ұтылып қалады ғой. Бірінші ставкадан ұтылсаң құдай сақтап қалды деген сөз ғой. Өйткені бір рет ұтылсаң қызық болмай қалады.

 

Телехикаяда Әшім Ахмет те бой көрсетеді. Актер спорттық ойындарға болжам сататын каппер рөлін сомдайды. Қылмыс әлеміне ену кейіпкердің өз таңдауы болғанымен уақыт өте келе қараңғы әлем өзгелердің де өзінің де өмірін құртып жатқанын түсінеді. Кейіпкердің ішкі күресі қалай аяқталатынын 2-желтоқсаннан бастап біле аласыз.

Әшім Ахмет, актер:

- Көбінесе болады ғой жамандықтан қашырамыз деп керісінше романтизировать етіп жіберетін нарсе. Бұл сценарийде ондай нарсе болған жоқ. Бұл жақта бұның жаман екенін көрермен басынан-ақ түсінеді.

Телесериалдың әр бөлімі көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Себебі басты месседж өткір әлеуметтік мәселелердің себебі мен салдары қатар көрсету. «Телетуынды қараған әрбір жан жеңіл ақшаның құны қымбатқа соғатынын түсінеді,»-дейді шығармашылық ұжым.