Мадина Дәулетқызы, @makeshi_:
– Kazakhstan Fashion Week осымен міне 35-ші рет ұйымдастырылып отыр! Дәл бүгін қазақстандық кіл мықтылармен қатар, шетелдік дизайнерлер де топтамасын таныстырмақ. Ол аз десеңіз, коллекциясын ұсынғандар арасында блогер, бизнесвумен Дана Есеева да бар! Олай болса апталықтың қызықтарын бірге тамашалайық.
Еліміздегі ең ауқымды сән апталығына биыл 20 жыл! Сондықтан болар, мерейтойлық мерекеде танымалдың талайы, біраз блогер төбе көрсетті. Мәселен, фэшн уиктің екінші күнін Жұлдыз Абукаримованың өзі ашты. Актриса «ARUNAZ» брендінің үлгісін ұсынды.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса:
– Жұлдыз ханым осымен екінші рет «Аруназ» брендін таныстырып тұрсыз. Үйреніп те қалған шығарсыз?
– Етім әбден үйренді. Таңсық дүние емес. Актриса болғандықтан жан-жақты болуға тырысып жүрмін. Енді құрбым шақырған соң, неге қолдап келмеске деген ой туындады. Өйткені маған сән әлемі жақын.
Назым Қарпықова, «ARUNAZ ATELIER» дизайнері:
– Назым, негізі бұл жыл сізге жемісті болған сияқты. Париж, Милан, Токио. Енді келесі қай ел?
– Осы жақын арада Римға шақырту алдым. Бірақ ойланып жатырмын, ол жақа барайын ба, бармайын ба деп. Бірақ әрқашан да, Kazakhstan Fashion Week-ке қатысқанымызды өз елімізде жаңа топтаманы көрсеткенде қобалжу үлкенірек.
Назым Карпыкова Жұлдыздың үстіндегі образды бір түнде тіккен екен. Ал құрбысын қолдай келген Абдукаримова болса, болашақта өзі де сәнгер атанбақ ниетте.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса:
– Оқырманым болсын, жанкүйерім болсын, көрермен, тыңдарман болсын көбінде сұрайды мына киімді қайдан алдыңыз, мынап образыңыз өте әдемі деген секілді. Сұраныста көп, сұраныс болғансоң неге шығармасқа деген ой туындады өзімнің коллекциямды. Ол әзірге арман, бірақ арманға мақсат қойдым.
Сән апталығына келген меймандар арасында жұлдыздар да көп болды. Олардың басым көпшілігі сүйікті дизайнерлері үшін келген.
Айдай Исаева, «Қазақстан Аруы – 2013»:
– Бүгін қай дизайнердің топтамасын тамашалауға келдіңіз. Кімді қолдауға келдіңіз?
– Негізі мен құрбыларымды қолдауға келдім. Олар болмаса келмес пе едім деп қоямын. Бірақ келуге тырысамын. Назым «ARUNAZ ATELIER» және Дана Есеева, Yessey-ге.
Аша Матай, әнші:
– Мен Есей брендін қолдау үшін келдім. Yessey брендінің коллекцясын шығарып жатқан менің екі құрбым ол Дана Есеева және Айжан Бегасыл. Қолдап келдім, қолымда екі гүл.
Көп ұзамай кеш хэдлайнері – Дана Есееваның бренді де топтамасын таныстырды. Айта кетейік бизнесвумен үлгілерін дизайнер Айжан Бегасылмен бірлескен серіктестік интеграциясы.
Дана Есеева, блогер, бизнесвумен:
– Негізі әр бизнесте творчестволық адам және бизнес адамы, екеуі қосылса жаұқсы тандем болады деп. Сондықтан да, партнерство болу керек, тандем болу керек. Біздерде Айжанмен менің ойымша өте күшті тандем.
Еске салсақ, сән апталығына басы-аяғы 26 дизайнер қатысты. Олардың арасында Оңтүстік Корея сынды шетелден келген шеберлер де жетерлік.