Азия кино майталмандарының басын қосқан 17-ші Халықаралық Еуразия байқауының ашылу салтанаты қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar

Араға жыл салып 17-ші халықаралық Еуразия кинофестивалі шымылдығын түрді! Қызыл кілемінде Шәріп Серік, Жазира Еркін мен Әбілмансұр Серіков. Байқау өмірлік философияға негізделген «Бізге дәрігер керек» картинамен салтанатты түрде ашылмақ!

Black tie стилінде киінген кеш қонақтары қызыл кілемнің сәнін келтірді. Көзге ерекше образымен түскендердің бірі актриса Жазира Еркін.

Қызыл кілемге біраз дайындалғаныңды көрдім инстаграмнан.

Жазира Еркін, актриса:

Иә, Бұл менің эскизіммен сызылған образ. Өзім арнайы тіктірттім осы Еуразиялық кинофестиваль үшін. Қазір киім дизайнымен айналысып бастап жүрмін.

Ал, көптен бері көрінбей кеткен Динара Бақтыбаева болса, мұндай бомонд бас қосуларды сағынып қалғанын айтады. Бүгінде Атырау қаласында тұратын актриса әрі екі баланың анасы жарымен бірге әуежайдан тікелей фестивальге бет алған екен.

– Демек Атыраудан арнайы келдіңіз ғой осы фестиваль үшін?

Динара Бақтыбаева, актриса:

Ертең түсірілімім бар. Бірақ жұмыстарымның фестивальдің ашылу салтанатымен қатар келіп, бүгін қатыса алғаныма қуаныштымын.

Шәріп Серік үшін де бүгінгі шараның орны ерек. Актер екі бірдей туындыда басты рөлді сомдаған. Режиссер Равиль Трумовтың «Бізге дәрігер керек» мюзиклі «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанатында көрермен назарына ұсынылды.

Шәріп Серік, актер:

Мюзикл деп жатсыз, бұл жанрда бірінші рет түсіп жатсыз ғой?

Иә, бұл мен үшін өте бір қиын форматтағы жұмыс болды. Мен бұрын билегенмін. Әнді де айтуды жақсы көремін. Бұл кино үш жыл бұрын түсіріп тастағанбыз.

Ал Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмі «Еуразияның» халықаралық бағыты бойынша бақ сынауда. Шакентидің аталмыш лентадан үміті зор. Тіпті осы картинаның арқасында мұхит асып, кино карьерасын шетелде жалғастыруға кетер емес.

Біз жақында Японияға барып келдік Токиоға сол киномен. Жалпы жапон көрермендері қатты ұнады оларға. Біздің «Кадет» деген кино Европаға бару керек.

Әділ-қазылар алқасы бір апта бойы азияның үздік фильмін анықтауға кіріседі. Халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, актриса Рано Шодиева өзіне «төрелік ету» қиындығын айтады. Сондықтан актриса ең бірінші жақсы киномен танысқым келеді деп қорытты.

Рано Шодиева, Қазылар алқасының мүшесі, актриса (Өзбекстан)

Бұл кинофестивальге бірінші рет келуім емес. Бірнеше жыл бұрын өзім де қатысып, актриса ретінде бағымды сынағанмын. Сондықтан фестиваль мен үшін ыстық.

Еске салсақ, фестиваль аясында 1 апта бойы түрлі дөңгелек үстелдер мен семинарлар, кездесу мен шеберлік сабақтары өтеді.