Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:
- Шетелдік фильмдерге түсеміз деп, арман қуған Қанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей Ташкентте құлдыққа түсіп қалды. Олар адам саудасымен айналысатын қылмыскерлердің қолында. Қос актердың тағдыры не болмақ?
Қызыл кілемдегі жұлдыз қонақтар, фильмде көрсетілетін құлдықты сипаттайтын детальдар. Дайындық легі керемет. Алайда, фильм амбассадоры әрі бас кейіпкері Қайрат Әділгерейдің бойынан әдетінен өзгеше қобалжу байқадық. Онысын актер былай түсіндірді.
Қайрат Әділгерей, актер:
– Бұрын-соңды болмаған тақырып қой енді құлдық туралы. Енді-енді өзіме келіп жатырмыз. Қатты уайымдап кеттік. 4 ай бойы, 5 ай бойы ойланып-толғанып, қалай болады, не болады музыканы қайта-қайта ауыстырып, монтажда да отырған кезде де өзімізге біртүрлі күмәнді болып қалды қалай болады түсіне ме түсінбей ма.
«Кіл мықтыларды жинап, нашар лента ұсынуға қорықтым», - деген Әділгерей-тегі Әлжаппаровпен бірлескен картина ел көңілінен шығады деп үміттенуде. Өйткені фильм көрермен сағынған жандармен толыққан. Ал «Кеттік бәрін таста» картинасының нағыз жаңалығы – Нұрболат Қанай.
Нұрболат Қанай, актер, әнші:
- Сізде дебют бүгін.
- Иә. Ұялып тұрмын
- Неге?
- Әншімін ғой. Иә, негізі енді оқыған тоқыған актер емеспін ғой. Бірақ енді шын оқыған актерлардың алдында кішкене ұялып тұрмын.
- Бұрында Жайдарманды мойындамайтын Уәлибек ағамен бір түсірілім алаңында болған қалай екен? Ол кісімен коннект қалай болды?
- Ол кісі не десе де бәрі жарасады. Ол кісіге не десе де көнеміз. Бірақ енді сондай легендамен түсіп жатқаныма шүкіршілік етем.
- Түсірілімде сол кісіге пародия салып жүр едіңіз ғой.
- Иә.
- Қалай салдыңыз? Қайта салып беріңізші?
- Қош келдіңіздер...
- Ол кісі ренжіген жоқ па?
- Жоқ, басында ескертіп айтқам көке мен кішкене осындай қалжыңбастығым бар, еркелейтінім бар деп айттым. Артық кетпей ойнасаң көтерем ғой деді.
Сюжет желісі бойынша Қайрат пен Қанат «Оскардан» үмітті актерлар образында. Олар шетелден ұсыныс келді деп Өзбекстаннан бір-ақ шығады. Алайда түсірілім алаңы емес, нағыз адам саудасы мен құлдық өмір күтіп алады. Қайраттың қараңғы өміріне жарық, болашаққа үміт сыйлаған - қапастағы көршісі Диана Ягофарова болады.
Диана Ягофарова, актриса (Өзбекстан)
- Маған осындай хас шеберлермен бірге өнер көрсету өте қатты ұнады. Оның үстіне олар кәсіби әзілкештер. Сондықтан түсірілім алаңы күлкісіз өтпеді.
Фильм продюсері - Марғұлан Әден. Марго «Кеттік бәрін таста» фильмі қалтасын біраз қаққанын ашып айтты.
Марғұлан Әден, продюсер:
- 180-200 айналасында.
- Алдыңғыдан, демек қымбатырақ болып тұр ғой?
- Көбірек болып тұр, иә. Көбірек болып кетті. Бір қалаға барып қайттық турға соның өзінде біраз расход болды да. Оппана деп қалдық та. Енді ертең әртүрлі қалаларға әрқайсына барамыз.
Бұдан бөлек, Марго белгілі хитмендер Тұрар мен Мирас Жүгінісовтің әндеріне клип таспалап, саундтрек те ұсынған еді.
- Әніңіз орындалып жатыр саундтрек. Кімнің идеясы болды фильмге саундтрек таспалау?
Мирас Жүгінісов, әнші:
- Бұл жолы біз дейтін текстқа, сөзге ән жаздық. Бұл осы бақыт әні, мен үшін ерекше шыққан ән. Оңай шыққан әннің бірі. Ол осылай саундтрек болып жазылады деп шыққан жоқ негізінде.
Ақболат Өтебай, кинопродюсер:
- Абсурдты юморлар болды. Бұл фильмде Уәлибек ағамызды көргенімізге вообще қуандық. Жас кезімізде қарап жүрген юморларды осы фильмге қайта айналдырып алып келгенде біздің кезеңіміздегі адамдардың барлығына күлкілі болған шығар деп ойлаймын.
«Назар аударлық» Ақболат Өтебай: «фильмдегі ностольгиялық әзілдер орынды қолданып, өз көрерменін табар». - деп қорытты.