Бір айдан бері еліміздің батыс өңірінен бастау алған Ильханның жеке кеші оңтүстікке қарай жалғасын тапқан. Енді соңғы нүкте – Алматы шаһарында деп жоспарланып отыр.
- Үлкен кешіңіз осы оңтүстік астанада қашан болады?
Ilhan Ihsanov, әнші:
- Көктемде деп қойып отырмыз құдай қаласа. Ол да белгісіз. Сәл қорқып жүрмін. Бірақ беруге дайынмын. Көктемге деп жоспарлап отырмыз негізі нақты.
- Дайындығыңыз қалай бұл үлкен кешке?
- Дайындық жақсы. Әндер көп жазып жатырмын. Ең бастысы салмақ тастап жатырмын қазір. Ең басты нәрсе сол, өйткені сахнада әдемі көріну керек. Өз өзімнен жиіркеніп бастағаннан кейін сондай шешім қабылдап ең бірінші дайындығым сол болып жатыр.
Соңғы екі жылда музыкалық платформаларда Ильханның 20-ға жуық әндері жарық көріп, барлығы дерлік ел құлағына жетіп, хитке айналып үлгерді. Әсіресе, соңғы Садраддинмен бірлесе жазған «Аман болшы сүйгенім» синглы. Алайда, Ихсанов дуэттер легі әзірге осымен тоқтайды деп отыр.
– Ал дуэттер жаңа релиздер бола ма оған дейін?
Ilhan Ihsanov, әнші:
- Дуэттер болмайды, релиздер өте көп болады көктемге дейін ығырларыңызды шығарамын.
- Неге дуэттер болмайды?
- Соңғы тек Садрмен, одан кейін дуэт мен жоспарлап жатқан жоқпын.
- Енді соңғы «Бір айда» әнін шатаспасам түрік тіліне аударып шығардыңыз, иә? Не себепті?
Ilhan Ihsanov, әнші:
- Түрік сериалдарының үлкен фанатымын ғой. Сол үшін де көп қараймын. Оларды негізі бастапқы әннің шығу жоспары ол түрік тіліне аударып шығарылу керек болған. Сол мақсатты шығарылған ән. Түрік дистрибьютары арқылы шығады. Түркия еліне таралады деп сеніп отырмыз.
Келесі әндерім де түрік тілінде шығады деген Ихсанов, осылайша аталмыш аудиторияны баурап алмақ ниетте.
Ilhan Ihsanov, әнші:
- Менің мақсатым түріктерді қазақша ән тыңдатуға шақыру.
- Ол идеясы қайдан келді? Неге дәл түрік?
- Қазір енді Садр бастап шығарды, бірақ ол тек әнге қосты. Бірақ сонда да түріктер біздің қазақша әндерді көп тыңдап кетті. Менде де сол ой. Барлығын садр екеуміз бірге ақылдасып бірге бастаған болатынбыз.