«ОРДА» ТОБЫ САХНАМЕН ҚОШТАСАДЫ!

Сообщить о проблеме с эфиром

2000 жылы «Бауыржан шоу» театрында шымылдығы түрілген «Ордалықтарға» келесі жылы 25 жыл. Топ – музыка әлеміне серпіліс жасап, миллениумдерде аңызға айналды. Дастан Оразбеков ұжымның қараша айындағы туры топтың мерейтойына арналып: Павлодар, Петропавл, Көкшетау мен Астанада, ал соңы Алматыдағы қоштасу кешімен түйінделетінін айтты.

- Биылғы жыл Ордаға арналған сияқты...

Дастан Оразбеков, әнші:

- Он бесінші ақпанға тағы да жоспарланып отыр. Бұл Орда тобының 25 жылдық қоштасу концерті болады. Мынау қазіргі тур бұл соңғы тур Орданың.

«Қағаз кеме», «Кеш мені», «Жауап бер», «Ғашықсың ба?» бұл туындылар «Орда» тобының орындауында енді соңғы рет шырқалмақ. Алайда небәрі 2 ай бұрын Ерболат Беделхан араға 12 жыл салып ұсынған «Удай» бейнебаянының түсірілімінде «топтың продюсерлігін қолға алдым» деп, алға қойған жоспарларымен бөліскен-ді.

Ерболат Беделхан, әнші, продюсер:

- Күйтабақ шығады, планда бар, балдар енді естіген барлығын. Екінші өлең тіпті қазір дайын. *08:03 Бұйырса осы жылы екінші бейнебаян түсіреміз ба деген шет елде түсіреміз ба деген ойымыз бар. Қай ел екенін айтпаймын. Құпия болып қалсын.

Екінші бейнебаян жарыққа шықпады. Оразбеков болса, бұл топтың соңғы туындысы екенін, тек оны мойындау серілердің өзіне қиынға соққанын айтады.

Дастан Оразбеков, әнші:

- Менің ойымша бір кезі келді ма, реті келді ма әрқайсымыздың жұмысымыз қазір бар. Сондықтан да...

- Көңілде қимастық бар шығар?

- Әрине. Себебі ғасырдың төртінші бөлігі, менің өзімнің өмірімнің жартысынан көбісі, сондықтан да қимастық, әрине іште бар.

Ширек ғасыр бойы көрермен көзайымына айналған бойзбэнд бүгінде аталмыш концертке қызу дайындықта. Соңғы кеш шоу бағдарламамен емес, қимастық сезіммен, настольгиямен ерекшеленбек.

- Ал концертке қанша дайындалдыңыздар?

Дастан Оразбеков, әнші:

- Негізі былай жалпылап келсек, бұл өмір бойы жиналған тәжірибе. Қандай бір қойылым болмасын, қандай бір жаңа туынды болмасын дайындық сондай қиын емес, қысқа уақытта дайындалып үлгеріп жатырмыз.

«Орда» бразерстің дәуірі осымен тоқтаса да, Оразбеков шығармашылықтан қол үзбек емес. Еске салсақ, әуелде топ бес жігіттен құралған-ды. Ордалықтар 25 жылда құрамын тек екі рет қана өзгерткен.

- Енді сіздің жеке шығармашылығыңыз жалғасады, ал басқа жігіттердің ше? Өнерден түбегейлі кетем деп жатқандары бар ма?

Дастан Оразбеков, әнші:

– Жоқ, ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз, себебі Нұрлан Бішкекте «Елес» тобымен де өнер көрсетіп жүр. Өзінің қолөнері бар. Ерболат енді өзінің продюсерлік шеберлігі, одан да басқа үлкен мегажобалары бар. Есболат сценарист киноға бір кірістері бар.

Өнерден алыстамаймыз,-деген әнші «Орданың» 25 жылдан бері іргесі ажырамай келе жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты. Жастық максимализм, албырт махаббат пен алуан түрлі эмоция бұл – топ сыйлаған сезімдер.