Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Көзің барда Маңғыстауды көріп қал. Бұл НТК арнасы ұсынған «Теңіз түсті махаббат» телехикаясының актерлерінің девизі десек қателеспейміз. Бүгінгі локация – аталмыш жобаның бас кейіпкерлерімен фан-кездесу.
Сүйікті актерларымен фотоға түсуге кезекке тұрған көрермен «Теңіз түсті махаббат» телехикаясын алғашқылардың бірі болып көруге асық. Басты кейіпкерлерді сомдайтын Алдияр мен Аделина да жоба сәтті болатынына сенімді.
Алдияр Қуанышев, актер:
- Түсірілім басталғаннан кейін содан бері әлі шулап жатыр ғой шулап. Надеюсь жарады бұйырса енді спрос көп, өте көп адам сұрап жатыр.
Аделина Ералиева, актриса:
- Особенно біз Алдияр екуеуміз түскеннен кейін көбісіне андай да «мына екеуі түсіп жатыр жатыр» деп. Екеуміз еще құшақтасамыз, барлық нәрселер бар ана жақта. Содан кейін подписчиктер «аа мына сериал қызық болатын сияқты, четко болайын деп жатқан сияқты деп»
Сондай-ақ Ералиева түсірілім басталғалы жұптық контентті жалғастырып жатқанын мойындады. Оған себеп – Алдияр екеуінің видеолары көбірек қаралым жинайтынында.
- Өмірдегі жұптық контент не боп жатыр?
Аделина Ералиева, актриса:
-Біліп едім осындай сұрақ қоятыныңызды. Өмірде оны айтпаймын. Оны сериалда көресіздер
Еске салсақ, сюжет бойынша Ада есімді бизнесвумен Ақтау қаласынан қонақүй салу ниетінде аттанады. Басты кейіпкер жергілікті Аңсар есімді жігітпен танысып, Маңғыстауда бірге серуендейді. Каспи жағалауындағы өзге де туристтік мекендерді аралап жүріп түрлі қызықтарға тап болады.
Фан-кездесуге келген көрермен, телехикаяның 1-ші бөлімін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
- Актерлары да өте шынайы, жақсы түсірген. Қысқа-нұсқа, өзіме қатты ұнады. Ары қарай да көремін, себебі өте қызықты.
– «Теңіз түсті махаббатымның» продюсері Жамал Жақсытай өзінің телеграм каналында осыны, яғни туындыларын, үзінділерін бөлісіп отыратын.
Ақбота Қабаның кейіпкері Каспидің толқынына шабыттанып қалам тербейтін ақын. Актриса рөлін терең ашу үшін тіпті образына да ерекше мән бергенін айтады.
Ақбота Қаба, актриса:
- Маған ақын қыз деп айтқанда Ақтауға мен өзім дайындалып бардым. Егер сериалда көрген болсаңыздар мына жерде маленький принц деген персонаж бар. Үнемі соны тағып жүретінім, шаштарыма әрқашан бірнәрсе тағып жүретін.
Телехикаяның жалғасы қалай болмақ, бүгіннен бастап дүйсенбі мен жұма аралығында, кешкі сағат 17:00 НТК арнасынан біле аласыздар.