Олжас Тоғымбеттің актерлық-каскадерлық мансабына қызы неге қарсы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91

- Азат Жұмаділ мен Жасұлан Көпбергеннің басы бәлеге қалды. Жігіттер актер Олжас Тоғымбетке қомақты сомма қарыз. Онысын қайтара алмай Тоғымбеттегіден оңбай таяқ жеген көрінеді.

Анвар Матжанов «Парковщики» картинасына актерлық пен каскадерлықты қатар алып жүрген танымалдарды жұмылдырған. Экшн жанрдағы туындының басты кейіпкерлері Азат Жұмаділ мен Жасұлан Көпберген Олжас Тоғымбет және Ерік Хамидуллаев сынды кәсіби мамандармен жұмыс істеу ләззат сыйлағанын айтады.

Азат Жұмаділ, актер:

- Біздің төбелесетін сахнамыз аздау Олжас Тоғымбетке қарағанда.

Жасұлан Көпберген, актер:

- Өте күшті, андай құлатуды біледі, ұруды біледі, көрсетеді үйретеді деген сияқты жағынан өте күшті.

Аузы күйген үрлеп ішеді дегенді алға тартқан Жасұлан, атыс-шабыс сахналарынан жүрексініп қалғанын жасырмады. Оған себеп - түсірілім алаңындағы сәтсіз тәжірибесі.

Жасұлан Көпберген, актер:

- Менде құлағымның барабанынан айырылған кез болған. Әлі құлағымда бір барабан жоқ съемкадан. Оқ атылып құлағыма тиген. Бұл съемкада ондай болған жоқ, барлығы профессионально болды.

Азаттың ғашығын сомдайтын Шахризада Серікова Жасиктің қателігін қайталамақ ниеті жоқ. Сондықтан да соңғы уақытта сұранысқа ие актриса, өзінің қауіпсіздігін ойлап, тез арада райдеріне өзгеріс енгізбек.

Шахризада Серікова, актриса:

- Сіз маған күшті идея салдыңыз, әр синякқа сондай доплата жазу керек еді негізі договорға.

Шадияр Абдуллаев, актер:

- Менде машинамен экшн кадр болды, мен уже төбелесіп төбелесіп шаршаған актермын ғой.

-Форсаж боп кеттіңіз ба уже?

-Иә, мен форсаж, мен машина айдаймын.

Десе де премьераға көзі көгеріп келгендер де табылды. Актер әрі каскадер Ерік Хамидуллаев барынша жасырғанымен, қырағы көз байқап қалды.

- Сіз өмірде де шындап төбелескен сияқтысыз, көзіңіз көгеріп тұр?

Ерік Хамидуллаев, актер:

- Панкреатонға шыққам

-Қайда?

-Панкреатон.

-Сөйтіп?

- Актерлардың барлығы төбелеседі абайлап жүріңіздер

-Сөйтіп көзіңізді көгертіп алдыңыз ба? Кімнен таяқ жедіңіз?

- Таяқ жеген жоқпын, өтіп кетті байқамай бір удар. Қазақстанның жан-жағынан келген жас спортсмен жігіттер, солармен біраз алысып алдық.

Олжас Тоғымбет әріптесі Ерікті өте жақсы түсінеді. Актер әрі каскадер «мамандығымыз – нар-тәуекел мен қатерге толы, кейде байқаусызда тиген соққы өзімізден бұрын жақындарымыздың жанына қаттырақ батып жатады»,- дейді.

Олжас Тоғымбет, актер:

- Дистанция сақтамай актер менің мұрнымды сындырып жіберді да, сол кезде перевязкамен екі-үш күн қыздарыма көрінбей жүрдім.

Әкесінің жұмыстан үнемі жарақатпен оралатынына жүрек сыздатқан Олжастың тұңғышы, тіпті бұл мамандығын ауыстыруын сұраған екен.

Олжас Тоғымбет, актер:

- Сол кезде айтты ғой маған «я ненавижу твою профессию» дейді та, «но я все равно хочу быть каскадером» дейді да. Оның да мінез-құлқы көрініп тұр ғой, атқа өте жақын. Өнерге де жақын.

Достық, құмар ойын мен адал еңбекті көрсететін туынды көрерменге ой салары анық дейді Томирис Жанғазина.

Томирис Жанғазина, актриса:

- Шынымды айтсам, боевик элементтері өте қатты ұнады, өзімде жақында супер курьер естідіңіздер ол жерде де боевик элементтері бар, кәдімгідей төбелес, кәдімгідей қыздар төбелеседі ол жақта.