30 қыркүйектен, 30 желтоқсанға дейін Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжапбаровтың Қазақстан бойынша есеп беру концерті. Қос өнерпаз шараға тыңғылықты дайындалғандарын айтады.
– Бағдарламаны қанша уақыт дайындадыңыздар?
Қанат Әлжапбаров, әзілкеш, актер:
– Көктемде, март апрельден бері келе жатқан не ғой. Дайындық 5-6 айдай болып қалды жүріп жатқанына. Нақты бір екі ай шығар отырғанымыз.
Бұндай концерттің концепиясы – «Қырықта қамал алу».
Қанат Әлжапбаров, әзілкеш, актер:
– 30-шы қыркүйектен басталады Қайрат екеуіміздің концертіміз. 40 жасқа толып жатыр ғой 84-тер. Соған байланысты 40 жасымызда елмен бірге тойлайық деген сияқты қойып жатырмыз.
Үржардан бастау алған концерт, желтоқсанның соңында Астанамен аяқталады.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Енді көп нәрсе күтіп жатыр екен бізден. Біз өзіміз таңғалдық. Оны да ғасыр концерті деп жатырмыз. Ғасырда болмаған деп өзіміз айтуын айтып алдық та, енді осыған сай дайындалып жатырмыз.
Жауапкершілік екеуімізге де бірдей түсіп тұр. Қателесуге болмайды,-дейді Әділгерей-тегі.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Менің өз басым кеше Қанатқа айтсам: Қанат, дұрыстап дайындалайық. Мен саған сеніп отырмын,-десем. Маған ұрсады: сен сонда қалай бүткіл жауапкершілікті маған артып тастайсың ба? Екеуімізде бірдей болады. Сен де дайындал деген сияқты бір бірімізге айтып жатырмыз.
Қайрат: бұндай ажиотаж күтпедік. Билеттер көз ілеспес жылдамдықпен өтіп жатыр,-дейді.
Қайрат Әділгерей, әзілкеш, актер:
– Енді кейбір қалаларда екінші концерттер ашылып жатыр. Тіпті 10-15-ші қарашада болатын концерттер толып қалып жатыр, аншлаг болып жатыр.