Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Дальтоник, диабетик және ауруханадан қашып, Алматыға сапарды жоспарлаған – Талғат. Бұл «1040 км» толықметрінің оқиғасы осылай өрбиді. Алып қалаға әрқайсысын, әртүрлі арман жетелейді. Фильм – роуд муви жанрында.
Лента үш жігіт пен бір күзетшінің хикаясын баян етеді. Елдар Жұмағалиев бас продюсер болған картина 2 аптада таспаланған. 50 миллион қаражат кеткен.
Елдар Жұмағалиев, әзілкеш, сценарист:
– Енді оны ашық айтайын, көмектескен ағалар болды және де бір-екі жерден жетпей қалған жерлерін ала тұрғаным бар.
- Кредит?
- Жоқ.
- Қарызға?
- Қарыз деп есептелмейді. Өйткені жақын адамдар берді. Көмек ретінде.
– Ютубтағы трейлердің астында негатив комментарийлер бар. Оқыдыңыз ба? Түсініксіз деп жатыр.
Елдар Жұмағалиев, әзілкеш, сценарист:
– Трейлерға көп кинолар сияқты барлық мықты нәрселерді салып жібергіміз келген жоқ. Менің ойымша трейлер түсініксіз болуы керек. Өйткені ол жерде барлығы түсінікті болса, ол спойлер болады.
Фильмде басты рөлде дебютанттар. Жайдарманда өз аудиториясы бар «Абибас» құрамасы.
– Енді фильмде Әлия деген қызға ғашық болып қаласыз. Сол қыздың артынан Алматыға кетесіз. Шын өмірде сол қызды ұнатып қалған жоқсыз ба?
Темірлан Өтеғали, комик, актер:
– Жоқ, жоқ. Ол қыз екі айдан кейін ұзатылып кетті, съемкадан кейін. Ұнатпас бұрын сұрайсың ғой: жігітің бар ма... Демал деді. Сосын демалдым. Бірақ Әлиядай қыз болса, артынан баруға дайынбыз ағайын.
- Демек басың бос?
- Иә, иә. Бас дейтін баяғыдан бос.
Картинада 40-қа тарта танымалдар төбе көрсеткен. Атап айтқанда: Евгений Чебатков, Асха принц, Данияр Бекжанов, Нұрай Жеткерген, Делакур және аралас жекпе-жек файтері – Мұратбек Қасымбай.
Мұратбек Қасымбай, аралас жекпе-жек файтері:
– Бірінші рет ойнап көріп жатырмын кинода. +00:22 – Бір-екі минуттық эпизодқа ғана-ақ түстім.
– Жалғастырасыз ба кинокарьераңызды? Ұнады ма?
- Ұнады. Әрине. Тағы қызық-қызық ұсыныстар түссе, онда әрине қарастырамын.
– Біз «1040 км» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Көңіліңізден шықты ма?
Біржан Шөпбай, блогер, актер:
– Өте керемет кино. Көз алдымызда өскен балалар ғой «Абибас» деген команда. Өте қызық болды. Мен күткеннен жоғары болды кино.
Медет Жаңабай, блогер:
– Енді жалпы жайдарманшылар түсірген фильмдердің ешқайсысы бір слабый болып, ой бұл қызық емес екен дегені болмаған. Бұл жігіттер сахнаға, жалпы камераның алдына бірінші рет шығып жатқан жігіттер емес. Дебют болса да, өте жақсы алып шыққан сияқты.
– Елдармен қай уақыттан бері таныссың?
Qanay, әнші:
– Сол өзі чемпион болғаннан кейін таныстым-ау деймін мен. Алматыға келіп, проекттарға келіп жатқан кезде Қабдолдар, Жандостар арқылы танысып алдым. Өтірік айтам, «Ұ-night» шоуда таныстым. Енді есіме түсті.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Қазақстандық кинонарыққа апта сайын жаңа толықметр қосылып жатыр. Солардың бірі – «1040 км» лентасы! Басты рөлдерде дебютанттар ойнаған картина көрермен көңілінен шыға ма? Бокс офис көрсетеді.