Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91
- Ешкімге көрсетпеймін, алам да көкке ұшамын. Еламан Есентаев жарын жұрт көзінен тасада ұстаймын дейтін. Алайда бүгін экслюзивті түрде бізді тойына шақырып, келіннің бетін ашты. Дәл қазір Роднойдың тойындамыз.
400 -ге жуық қонақтың басын қосып, ақ дастархан жайған Еламан Есентаевтың әулеті бұл күнді асыға күткен. Отбасының кенжесі бүгін өз алдына отау тігуде. Продюсер әрі актердың мың сұлудың ішінен таңдағаны - өзінің сыныптасы – Аружан.
- Не себепті жасырып келдіңіз осы уақытқа дейін?
Еламан Есентаев, кинопродюсер, актер:
- Мен жасырмадым. Мен инстаграмды жүргізбеймін просто блогер емеспін, актер емеспін.
- Актер емессіз ба? Актерсыз ғой.
-Ойбай, ондай актер емеспін. Беріліп кеткен актер емеспін.
-Бүгін енді көрсете берсек болады ғой көрермендерге.
-Иә, әрине.
Есентаевтың сөзден жаңылып, сасқалақтауы түсінікті. Сері күні кеше қазақы салт-дәстүрмен Аружанды ұзатып әкелгендіктен әлі шаршауы да, уайымы да басылмаған. Десе де бақыттан балбұл жанғаны көрініп-ақ тұр.
- Қалай түсіндіңіз дәл осы қыз жарыңыз болатынын?
Еламан Есентаев, кинопродюсер, актер:
- Жүрегі өте кең, адамгершілігі мол. Бұрыннан танимын қандай адам екенін білемін. Үй ішін білемін.
Еламан сүйгеніне ұсынысты жаз айларында Түркияның Анталья қаласында жасаған. «Сүйгенімнің ата-анасы оңтүстіктің тумасы болғандықтан, дәстүрден аттамадым, қалыңмалын тиісінше төледім»,-дейді.
Еламан Есентаев, кинопродюсер, актер:
– Қалың мал ма? 5 млн теңге.
- Мәссаған.
- Әкесі - Қызылорда, мамасы -Шымкент, Жетісай.
Жас келіннің бетін Қабдол Тілеков ашты. Сері Еламанның арнайы шақыртуымен келген.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8/1» тобының мүшесі:
- Мен сыйлыққа осы беташарымды алып келдім. Беташарын ашып бердім. Менікі де сол 500 мыңнан аз емес. Сол беташарымды алып келдім, солай келістік біздер.
Тойды тізгіндеген Нұрболхан Шарапов Қабдолмен бірлесе Есентаевтың достарының жомарттығын анықтады. Рамазан Амантаев пен Индира Сабирова 150 мың салса, актриса Ақерке Арыс 120 мың, ал Бека Изи 100 мың теңгемен табақты толтырды. Мәрттіктің шыңын актер Дәулет Нұразхан мен блогер Аека Поштың жары Шалқар көрсетті. Қос сері де беташарға 500 мыңнан табыстады.
- Күттіңіз ба сондайды?
Еламан Есентаев, продюсер, актер:
-Жоқ, ондай негізі күтпедім. Достарымның ұйымдастырғаны. Өзім шыны керек, бұрышта отырып, ұялып отырдым мә, бір ақшаны сұрап жатқандай болдым да. Еще көп бергендерге айтып қоямын қайтарып берейінші мен деп. Сөйтсем жоқ-жоқ бетаашар, беташар деп қояды. Сөйтсем шынымен шын жүректен беріп жатыр екен.
- Бүгін енді өзіңіздің де қалтаңыз кішкене майланды ғой. Рақмет ретінде салды ма қанша жинадыңыз? Санайықшы сол.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8/1» тобының мүшесі:
- Қанша салғанын білмеймін салыпты әйтеуір. 20, 30, 40, 50, 55, 57 мың. Қазір 3 мың сұрап келейін 60 мың болады
-57 мың теңге ол өзіңізде қалады?
-Өзімде қалады ешқандай ешкіммен есептеспеймін. Ешкіммен келіскен жоқпын.
-Ал бұған дейінгі жүргізген беташарларыңызда үлкен сомма қандай еді?
- Ең көп салған жаңағы достарынан примерно айтайын 3 млн салғаны бар. Қарыз болды ма әйтеуір 3 млн сол жерде берді ғой.
- Бұл қазір беташарға салғандарыңыз ба әлде тойанамен бірге ма? Қалай есептейсіздер өзі?
Рамазан Амантаев, актер:
-Білмеймін енді, тойана бөлек болар.
-Демек, сіз қазір 150 ден бөлек тағы қанша саласыз? Бересіз конверт?
- Қазір тойдың соңына дейін бақылаймын кім қанша беріп жатыр, содан асырып жіберуге тырысамын ғой. 150 мың одан кейін 4 әнші.
- Әрқайсысының гонорары бар , иә? Шамамен қанша болып тұр?
-Миллионнан асып тұр менікі. Потологын өзім қойып тұрмын. Ела досым бақытты бол.
- Бүгін енді сіздің жаныңыздан келіншегіңізді көрмедім жоқ әлде келді ма?
- Мен негізі Талғарда тұратынмын, ата-анамның ақ батасын алып қалаға бөлек шыққан жайымыз бар. Сол ол кісі жаңа үйдің мәселелерімен шыға алимай қалды.
Тойға жалғыз өзі келгендердің тағы бірі, актриса Ақерке Арыс.
Ақерке Арыс, актриса:
Жолдасым келген жоқ, өйткені біз балаларымыз әлі майда. Сондықтан сенің более саған жақын роднойың ғой деп мені жіберді.
Бұдан бөлек, жас жұбайларға достары бал айына саяхатқа билет сыйлады.
- Екі жастың көтерген шаңырағы биік, керегесі кең болсын. Келесі жылы шілдеханаға келейік