Талай тентектік танытса да, тыңдарманы теріс айналмаған Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігінен қағылып, абақтыдан арылып шыққан сәтінде тілшілеріміздің объективіне ілінді. Ұрымтал сәтті, ұтымды пайдаландық.
- Маскаңызды шешсеңіз бола ма?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Болмайды.
- Ұрыс естіп қалмай тұрғанда, осыған көнейінші.
- Жоқ, ұрыспаймын.
– Бір кездері «Сөз беремін, мен енді өзгеремін» дедіңіз. Тағы бір сол сарында ән шыға ма?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Ән шықпауы мүмкін. Білмеймін, ән шығуы да мүмкін.
«REVUE NEWS» тілшілері Төреғалидің сеніміне кіргені сонша, ұлы дала еркесі тек біздің бағдарламаға сұқбат беріп, әңгіме арасында қалжыңдасатын болды.
– Сіздің берген ең үлкен қарызыңыз ірі көлемде?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Көп.
- Айтайық та енді.
- Көп, көп, көп. Айтпайық. Оны ұмытып қалайық.
- Сіз ұмытып кетесіз иә? Негізі айтады ғой, қарызды үш ретке дейін сұрау керек деп.
- Жоқ.
- Қандай күшті. Сізбен дос болу керек қой.
- Дос болсаңызшы. /смех/
Журналистеріміз тек Төрештің ғана тілін тапты десеңіз жаңылысқаныңыз. Мәселен Гүлнұр Мамасарипова, Гүлназ Жоланованың ана атанғанын біздің бағдарламада байқаусызда сүйіншілетті. Гүлназ әліге дейін нәрестесі туралы айтқысы жоқ.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
Мен айттым балаңа қараймыз, бүкіл группа нянька боламыз, өзім қараймын түсші деп, сонымен Гүлназ түсетін болды.
Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанұлының шаңырақ көтергендері туралы ресми ақпаратты таратқан да біз. Ашығын айтқан өздері.
– Кәмшатпен негізі қалай таныстыңыздар? Сериалдан кейін басталды ма барлығы?
Ғазрет Ержанұлы, актер:
Жоқ, сериалдың кезінде.
Өміріңіз өзгерді ғой иә отбасын құрғаннан кейін? Қалай өзгерді?
Мен іштей өзгерген шығармын мүмкін. Сол. Қалғанының бәрі орнында.
Еңлік те REVUE-дің назарында. Әртіс тұрмысқа шыққаннан кейін бірінші болып бізге сұқбат берді.
Yenlik, әнші:
Отбасылық өмірім күшті, сол отбасылық өмірдің енді былайша айтқанда көңіл-күйін сезініп, ішіне кіріп жатырмын десем болады үйреніп сол бәрі жақсы.
Түсірілім алаңдарындағы ақпараттар бізге бірінші жетіп отырды. Солардың бірі Джеки Чанның қазақстандық кинопродюсерлермен байланысқа шығуы.
Қайрат Әділгерей, актер:
– Джеки Чанның кестесі алдын ала бір жыл бұрын жазылып қояды екен. Ол айтты: мен түсуге ешқандай қарсылығым жоқ Өйткені Димаштың жерлестерісіздер, мен Димашты қалай сыйласам, бүкіл қазақ елін солай сыйлаймын, құрметтеймін,-деп.
Көптен бері көзден тасада қалған көрікті Мадина Сәдуақасова да жаңалықтарын жіпке тізгендей айтып берді. Жас әншімен коллаб болатыны, контентті мықтап қолға алғаны жайлы ағынан жарылды.
– Өзіңіз жоқ болып кеттіңіз ғой, сізді сағындық қайда жүрсіз? Жаңалықтарыңыз қалай болып жатыр?
Мадина Сәдуақасова, әнші:
– НТК арнасы енді ғана көріп жатырмын ғой. \күледі\ Негізі біз енді бармыз. Шығармашылығымызда жаңалықтар өте көп.
Бір қарағанда тілшінің жұмысы көңілді көрінер. Бірақ сұқбаттасушының сырын, сары майдан қыл суырғандай шығаруы шарт. Демалыссыз, мереке күндері, тіпті қызуы көтеріліп, тамағы бітіп тұрса да, кадрда келбетін бермеуі керек. Жұмыстың оңайы жоқ.
REVUE NEWS бұл – ұзақ жылдар бойы, тынымсыз еңбектің, үлкен команданың және шоу-бизнес өкілдерінің сенімінің арқасында шатқаяқтамай келе жатқан 24 жылдық бренд.
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
– Мен бар ғой, бүкіл сұрақтарды сендерге қалдырып қоямын анандайларды....
- – Рақмет, эксклюзивтің бәрін...
- Иә...
Дариға Бадықова, кинопродюсер, актриса:
– Сонау жолдан келген сіздерге бірінші рақмет. Жалпы үлес қосу деп, осыны да айтуға болады. Үлкен алғыс білдіремін!
Мөлдір Қабатова, блогер:
– Алғыс білдіріп, бетіңізден сүйіп қояйыншы. НТК арнасының басшылығына және барлық командасына алғыс білдіремін!