Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Біз бүгін премьерасына келген «Возраждение аралы» тарихи-драмасы Лондон мен Лос-Анджелесте өңделіп, пост-продакшны жасалған. Дулыға Ақмолда, Азиз Бейшеналиев, Чингиз Капин басты рөлді сомдайтын фильм – шынайы оқиғаға негізделген.
Бозжыра, Алтын-Емел, Балқаш, Арал, Жаңаөзен... Қазақстанның ең көрікті мекендерінде таспаланған «Возраждения аралы» 1992 жылы орын алған «Бархан» операциясы жайлы. Ал оның басында жүрген полковник Дауытов. Яки - Дулыға Ақмолда.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі
- Бұл тема негізі бұл кейін үлкен бір талқылауды қажет ететін тема.
Шынайы оқиғаға негізделген ауқымды жобада шетелдік мамандар да жұмыс істеген. Мәселен түсірілім тобы Украинаның киногерлері.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі
- Операторлық группа болсын мынау озвучка жасайтындар свет мәселесі барлығы сол шетелден келіп жұмыс істеді.
Толықметрдің түсірілімі мен пост продакшны 3 жылға жуық жүрген. Тіпті, таспалау ісінің арасы ұзақ болғандықтан, актерлар өздерін формада ұстап, имидждерін де сақтап тұруға тырысқан.
Жалғас Жанғазин, актер
- Түсірілім Маңғыстауда, Қазақстанның табиғаты әсем жерлерде өтіпті. Процесс қалай жүрді?
- Менің сахналарым Балқашта болды. Алғаш рет команда көлдің ортасына шығып, фильм түсірді. Мұндай тәжірибе біздің кинонарықта бұрын-соңды болмаған. Суға шыққан соң жүрегіміз айнып біраз қиналдық
Малика Байгүбенова, актриса
- СССР-дің эпохасына кіріп кеттім. 6 ай бойы ученная Алиса болып жүрдім. Негізі түсірлім 6 ай болды. 6 айдан даже асты. Әр түрлі қалаларда болдық Алматыда да болды, Балқашта да болды, Ақтауда да болды. Өте қызықты өтті.
Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі
- Бұл фильм Америкаға, Еуропаға, Түркияға прокатқа шығады екен.
- Енді көреміз фильмнің қаншалықты шабатынын. Өзі белгілі болады, бірақ меніңше биік сондай бір жақсы фильм болады деген ойдамын. Өйткені бұл халықаралық дәрежеде түсірілген фильм.
Алексей Шемес, актер
– Кейіпкерімнің ағылшынша сөйлеп тұрған кішігірім эпизодын көріп қалдым, менің дауысыма қатты ұқсайды. Дубляжға кәсіби мамандар атсалысқаны көрініп тұр.
Әділет Есімов, продюсер
– Фильмге толықтай ағылшын тіліне дубляж жасалды. Процесс амеркандық актерлермен Ұлыбританияда өтті. Осы күзде Түркияда прокатқа шығады.
Жеңісхан Момышев, режиссер
- Бұл киноға енді білмеймін қаншылықта халық баратынын. Орысша қазақша диалогтарды кішкене орында дұрыс түсінбедім. Көбінесе операторскийға қарадым.
Диас Алпысбаев, тиктокер, «BIP HOUSE» командасының мүшесі
- Мен негізі шынымды айтайын эмоциямды түсінбедім. Потому что смешенный эмоция болды да фильмнің басында соңында қалай... короче түсінбей қалдым шыны керек.
Дәулет Абдулов, тиктокер, «BIP HOUSE» командасының мүшесі
- Шынымды айтсам фильм қызықты әсерлі шыққан. Қанша дегенмен бұл тарих. Көрерменге ұнауы тиіс. Все болды менің коментарийім бітті.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Жануарлар арқылы биологиялық қару жасағысы келген әскери команданың жоспары жүзеге аса ма? Мұндай эксперименттің кері әсері бар ма? Экран көрсетеді.