Қанат Тасхан неге «Жайдарманның» туған күніне Сабина Мовлаеваны шақырған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @sytmbat_sagyndyk

– Ол 25 жасқа толып жатыр. Айхай 25! Оның туған күніне Қазақстанның түкпір түкпірінен танымалдар жиылуда. Бүгін «Жайдарманның» төл мерекесі!

«Жайдарманның» екінші мүшелінде 10 құрама өнер көрсетті.

– «Жайдарман» сахнасында болған келеңсіз оқиға есіңде ма? Бірінші жыл емес қой ойнап жатқаныңа.

Бағжан Данай, әзілкеш:

– «Жуалы» командасымен ойынымыз болған. Сол кезде сөзімді ұмытып қалып, сол ұмытып қалғанымды Бақытнұрға типа сен ұмытып қалдың деп жауып кетіп қалғам. Шығып кеткем, сөзімді аяқтамай. Сол ойында ұтылғанбыз.

«Жуалы» командасының намысын қорғап келген – Арман Жаналиев пен Біржан Чопбаев.

– Қанша уақыт дайындалдыңыздар?

Арман Жаналиев, әзілкеш:

– Біз әлі дайындалған жоқпыз. Мына жақта дайындалып отырмыз Боря екеуіміз. Ойын қазір 20 минуттан кейін басталады мысалы.

  • Осылай шығасыз ба?
  • Жоқ. Енді костюм бар енді. Жаңа костюм алдым осы ойын үшін.

– «Жайдарманда» сіздің жүргеніңізге неше жыл болды?

Біржан Шөпбаев, актер, әзілкеш:

– 20 жыл болды ғой биыл.

  • 20 жылда «Жайдарман» сізге не берді?
  • Көп нәрсе берді ғой. Бала-шаға берді. Келіншегім менің үйреткен Ержан деген ағаның сестренкасы. Сол Ержан аға арқылы келіншегімді таптым дегендей.
  • «Жайдарман» арқылы иә?
  • Иә. «Жайдарман» арқылы ғой енді. Содан кейін барып танымалдылық берді. Сол «Жайдарманға» келіп семірдім. А так былай нормально едім.

Ойынды тамашалауға «Жайдарманның» танымал түлектері де келді.

Жандос Самалбеков, әзілкеш:

– НТК! Қазақтың НТК-сы жасай берсін. Маңдайына біткен жалғыз НТК өзі.

Qanay, әнші:

– Есен аға, жүз жасасын!

  • Бүгін көрермен болып келдіңдер?
  • Әрине.
  • Күлем деп келдім мен.
  • Дейтін нәрсені алып келдік.

– Есен ағаның жақсы бір үш қасиетін айтайықшы?

Жандос Самалбеков, әзілкеш:

– Кез келген адамға, өсіп келе жатқан команда болып құрылады ғой: мынау былай болады, мынау былай болады,-деп точно айтады. Дәл солай болады. Өте бауырмал және де бүкіл КВН-щиктердің, қаншама мың КВН-щик болды. Түгел аттарын, руын біледі. Соны сұрасаңыз болады. Шын айтам.

Жандос Самалбеков айтқан ақпаратты Есен Елеукеннің өзінен сұрап көрдік:

– Бұл қаншалықты рас?

Есен Елеукен, Қазақстан КВН Одағының президенті:

– Жоқ, олай емес енді. Мен көпшілігін біле бермеймін. Жоғарғы лигада жүрген балаларды білетін шығармын. Бірақ руын білмеймін. Мен үшін барлық бала бұл қазақтың баласы. Қазақтың жерінде өскен ұлтына, руына қарамай ол қазақтың баласы.

Шымкенттік жігіттердің ойынын қолдап Уәлибек Әбдірайымов та келді. Команданың басы ойынға бірнеше күн қалғанда бірігіпті.

Қанат Тасхан, әзілкеш:

– Шымкенттің мықты деген командаларын жинап ап келдім өзім.

– Мықты деген азаматтардың арасында бір азаматша да бар. Сабина.

– Иә, иә.

  • Оны шақыртқан өзіңіз?
  • Ойбай, қыз бар жерде қызық бар деп. Арамызда жүрсін дедік.
  • Сабинамен қандай қызық болуы мүмкін?
  • Көресіздер.

– Бүгін қай құрамамен бірге сахнада өнер көрсетесің?

Сабина Мовлаев, блогер:

– Өздеріңіз біліп тұрған шығарсыздар Шымкент екенін.

  • Шымкент. Қанатпен бірге иә?
  • Қанат деп айтпаңызшы. Қанат деп... Шымкентпен иә.
  • Ұсыныс қалай түсті? Кәдімгі сұрақ қой енді.
  • Ұсыныс... Конечно енді Қанат айтты.

Сымбат Сағындық, @sytmbat_sagyndyk

– Бүгін 10 құрама тартысты ойын көрсетті! Бар жанарды жаулаған «Жайдарман» жасай берсін!