«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы биыл басты шарттарына өзгеріс енгізді. Енді сайысқа қатысу 16 емес, 18 жастан басталады.
Сұлтан Құлтаев, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының менеджері
- Биылғы талап бойынша бізде 18 жастан бастап, кез келген жастағы қыздар қатыса алады. Өйткені бұл бізде әлемдік байқаулардың қойылған шарттары. Біз осы әлемдік сұлулық байқауларының лицензиясына ие бола тұра біздер де осы шарт бойынша жұмыс істеуге міндеттіміз.
Сондай-ақ, биылғы талап бойынша арулар сұлу ғана емес, талантты да болуы шарт. Бикештердің қоғамда өзін-өзі ұстауы, тіпті әлеужелідегі ұсынатын контенттері де маңызды болмақ.
Диана Әбішева, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының кастинг директоры:
- Сейчас у нас активно поступают заявки \жен\... -Сайтымызға күнделікті 100-ден аса өтініштер түсіп жатыр. Қазіргі уақытта нақты 9 қыз өтті. Биыл өнер сайысы да қосылады деген болжам бар, өйткені әлемдік сұлулық сайыстардың барлығында қатысушылар өз өнерін көрсетеді. Сондықтан үміткерлердің ағылшын тіліне жетік әрі талантты болғаны да абзалырақ.
Айша Амантай, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауына үміткер
– Есмім- Айша болады. Алматы қаласынан, жасым 17-де. Осы жылы қыркүйек айында 18-ге толамын, бұйыртса. Жеңгем ағама тұрмысқа шықпай тұрып өзі қатысқаннан кейін, теледидардан көргеннен кейін қатысып көргім келді.
ЗКТ: Кастинг қыркүйек айына дейін жалғасын таппақ. Ақтық сайысқа 25 қыз іріктеліп алынады. Жоба ұйымдастырушылары байқау аруларға тек тәж ғана емес, өмірлік тәжірибе мен жарқын болашақ сыйлайтынына сенімді.
Диана Әбішева, «Қазақстан аруы» Ұлттық сұлулық байқауының кастинг директоры:
- Мне только исполнилось 16...\жен\ – 2019 жылы 16 жасымда осы сұлулық байқауына қатысып Қазақстанның Вице ару және Алматы аруы титулын жеңіп алдым. Бүгінде осында кастинг директор қызметін атқарамын. Байқау мансап баспалдағымен, тұлға ретінде дамуға да зор мүмкіндік береді дей аламын.