«Капитан Байтасов»! Террористті жалаң қолмен ауыздықтаған Ғазиз Байтасов жайлы фильм таспаланып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Басынан бақайшағына дейін мұздай қаруланып, кеудесін бомбамен орап алған террористтің көзіне қан құйылған. Мақсаты – полицейлердің жанын жаһаннамға жіберу. Осы сәтте капитан Ғазиз Байтасов оның үстіне жата қалып, қандықол қылмыскерді өлтірді. Өз өмірін құрбандыққа жіберіп, талай өмірді сақтап қалды. Дәл осындай ерлік, шынайы тағдыр «Капитан Байтасов» фильміне арқау болды.

Азат Жұмаділ, актер

- Марқұм Ғазиз Байтасовтың осындай ерлігін халыққа көрсетіп жеткізу, көп жастар түсірілім алаңында өтіп бара жатып сұрайды қандай фильм не туралы, сондай «Капитан Байтасов» деп мақтанып айтып жатсаң кейбіреулері білмейді, ол қайсысы ол кім. Бұл да бір өз алдына тарих, сондықтан сол кісінің ерен еңбегін халыққа көрсетіп көзайым қылып жастар да көретіндей.

Ол – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында «Халық қаһарманы» атағын алған алғашқы әрі жалғыз адам.

Дархан Сүлейменов, актер

- Бұл кинодан түйетін нәрсе, ерлік, Отанға деген сүйіспешілік, Отанға деп андай пафосно естілетін шығар бірақ ең бірінші Отанға деген ол отбасына деген сүйіспеншілік та.

Ғазиз Байтасовты Азамат Сатыбалды сомдайды. Актер әуелі полиция қызметкерлерімен бірге Алматы көшелеріне шығып, қоғамды тәртіпті қадағалаған. Рөлін дәл осылай зерттеген.Режиссердың да талабы осы болыпты.

Дәурен Қамшыбаев, режиссер

– Азамат Сатыбалды бір күн бойы жол полициясы қызметімен танысты. Кадрда шынайы шығуы үшін, мен актерларға талап қойдым, өзі сезініп көруі қажет деп. Бұл тиімді тәжірибе. Азамат та бұл ұсынысқа үлкен жауапкершілік қарады.

Туындының жанры – экшн драма. Лента голливудтық жүйемен таспаланып жатыр. Мәселен, жобаға алдын-ала дайындық жарты жыл,ал актерлердың тест-шуты 2 ай жүрді.

Дархан Сүлейменов, актер:

- Бұл проектіге 2 айдан аса дайындық болды. Енді менің білетінім, 2 айдан аса. Өте қайғылы оқиға әрине...

Дархан Сүлейменов пен Қобыланды Болат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін сомдайды. Олардың мақсаты – қылмыскерлерді ұстап, терракт алдында әшкерелеу.

Қобыланды Болат, актер

- Тер төктік, 8 келі вес лақтырдық десең иә. Жоқ оңай жұмыс болып жатқан жоқ, жауапкершілігі мен міндеті орасан зор бұл жерде. Сондықтан әр ісімізге сондайқ махаббатпен жауапкершілікпен жұмыс жасап жатырмыз.

Лентада экшн сахналарға басты назар қойылған. Ал оларды қадағалау – «Nomad Stunts» каскадерлар командасының мүшесі, актер Жандос Айбасовқа бұйырған.

Дархан Сүлейменов, актер

- Күнделікті атыста жүрмегеннен кейін ол әрине үйреншікті жағдай емес. Репетиция кезінде пейнтболдың несімен беріп жатты да, ол жәй ғана естіледі, бір кезде начали съемка басталды деген кезде кәдімгі мына жер атыс болып кеткен кезде мен басында бірінші дубльда түсінбей қалдым тоқта тоқта жинал деп ше.

Титр: Қобыланды Болат, актер

- Комитеттің жігіттерімен коннект, жаңағы тәжірибе алмасу.

Азат Жұмаділ, актер

- Былай тақап тұрып атқан кезде құлағың естімей қалатын моменттер болды. Бірақ берушиый салып аламыз, мақта салып аламыз, мақта салып алып тоналкамен бояп қоямыз. Барыншы сүйтіп, мақта да құтқармайтын кездер болды кеше.

Фильмде ТОП актерлардан бөлек, марқұм Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Байтасов та режиссердың қалауымен бой көрсетеді. Әділжан әкесі жайлы ақпаратпен бөлісіп, сценарийге атсалысып жүр.

Дәурен Қамшыбаев, режиссер

  • Фильмде Ғазиздың кенже ұлы Әділжан Байтасов камео ретінде түсті. Ол кәсіби актер емес, дегенмен түсірілім сәтті өтті. Эпизодтық сахна болса да, Әділжанның рөлі маңызды. Ол әкесінен аумайды.

Ал шынайы оқиғаға негізделген «Капитан Байтасов» фильмі 2024-ші жылдың қараша айында жарық көреді деп жоспарлануда.