Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас бейтаныс қыздарға неге кибер харассмент жасады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оқиға екі ай бұрын әшкере болды. Бейтаныс бойжеткен Олжастың өзіне жазған интимді хаттары мен суреттеріне ашуланып, желіге жүктегеннен кейін қоғам мен казнеттің де ызасын тудырды. Кіші Еспановқа бұқараның ойы теріс жаққа түбегейлі өзгерді.

– Жалпы сол оқиғаның хронологиясына тоқталайықшы. Білуімше, ол 5-6 жыл бұрын болған оқиға иә?

Олжас Еспанов, блогер

– Иә, бұрынғы болған нәрсе. Енді бүйтіп жарыққа шықты ғой.

  • Ол қыз неге ұзақ уақыт сақтап жүрген?
  • Неге екенін білмеймін. Бірақ мен мына нәрсені айтайын 90% әлгі перепискадағы жазылған нәрсені барлығы фотошоп. Кейбір жерінде менікі болған иә жазғандарым. Бірақ көбінесе өтірік сөздер ана жерде. Бояп... Көрініп тұр, жақындатқан кезде.

Бір қызығы, өзіне харассмент көрсеткен бойжеткен емес, Олжас жеке хаттарын желіге жариялап жібергені үшін әлгі қызды сотқа берем деп оқталды. Тіпті, құзырлы орган қызметкерлеріне де жүгінді. Бірақ істің соңы бұлынғыр. Блогер арызынан бас тартқан.

– Сол оқиғаны жариялап жіберген адамдарды сотқа берем дедіңіз. Қалай болып жатыр процесс?

Олжас Еспанов, блогер

– Сотқа беремін деп басында шешкен болатынмын. Бірақ одан кейін қоя салдым. Черный пиар это тоже пиар дейді ғой. Кішкене енді мені білмеген адамдар көп екен. Осы пиар арқылы бүкіл Қазақстанға әйгілі болдым десем болады. Өйткен инстаграмда статистикамда 4 күннің ішінде 5,5 миллион адам кіріпті.

Ұлының шулы оқиғасына қатысты Нұрлан Еспанов ешқандай пікір білдірмеді. Керісінше, «Ер жігіттің басына нелер келіп, нелер кетпейді. Ұнжырғаңды түсірме,- деп басу айтқан.

– Бұл оқиғаға қатысты әкеңіз, Нұрлан Еспанов не деді?

Олжас Еспанов, блогер

– Папа не дейді? Папа күлді, қойды. Одан кейін енді: мұңайма, ондай-ондай болып тұрады. Енді еркек болғаннан кейін. Тем более енді танымал адамның баласы болғаннан кейін хейт бірден кетіп қалады да. Бұл жерде енді ключевое слово «Еспановтың баласы» деген болып тұр да. Олжас Еспанов емес жаңағы. Нұрлан Еспановтың ұлы ретінде шығып кетті да.

– Хейт басылды ма сіздің тарапқа деген?

Олжас Еспанов, блогер

– Әлі де басылған жоқ. Тиктокқа кірсең, инстаграмға кірсең бәрінің аузында аузында сол бір сөз.

  • Не дейді сонда?
  • Сол жаман сөздер ғой. Жақсы сөз шықпайды. Өсек, әңгіме ғой сол.

Олжас шығармашылығын қолға алып «Жабырқау жаным» деп трек шығарған. Бірақ ән шыға сала қоғам сынға алды. Блогердің композициясына әлеужеліде тек хейт жазылып жатыр.