Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанымын! Әсел Асқар экс-күйеуінен жәбір көргенін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Әсел Асқар соңғы екі ай күйзелісте жүр! Бәріне себеп: тұрмыстық зорлық-зомбылық. Актриса қоғамдағы дәл осы өзекті мәселені қозғайтын авторлық жобаға түсіп, образдан шыға алмай әбден қиналған. «Лай» картинасының премьерасындамыз!

«Лай» - Әсел Асқардың толыққанды басты рөлді сомдаған алғашқы толықметрі. Актриса өзіне ұсыныс түскен сәтте бірден келіскен. Тіпті Әсел туындыға тегін түскен.

Әсел Асқар, актриса

- Бұл фильм қоғамның айнасы деп айта аламыз ба?

- Айта аламыз, өйткені бұл кинода негізі бұл ғана нәрсе емес, зорлық-зомбылық қана нәрсе емес, біздің заңды айналып өтудің амалдары, нашақорлық, андай бандиттердің қалыптасқан бірақ көзге көрінбейтін нәрселердің бәрі осы жерде шығады. Сосын зорлықтың өзі бар солай.

Әсел картинада күйеуінен жәбір көріп, ажыраса алмай жүрген жанның образында ойнайды. Актриса: «кейіпкерді зерттеген де жоқпын», - дейді. Себебі Әсел мұндай оқиғаны шынайы өмірде басынан өткізген.

Әсел Асқар, актриса

- Мен үшін бұл өте өзекті тақырыптардың бірі, өйткені өзімнің басымнан өкінішке орай, осы зорлық-зомбылық жанұяда болатын нәрсенің өзі басымнан өтті. Одан құтылдым, Құдайға шүкір, бірақ көбісі құтыла алмайды ғой, әртүрлі манипуляцияларға ие болады, реніштерге ие болады да сөйтіп қалып қалады көп әйелдер өздерінің өмірлерін тағдырларын жанпида жасап, құрбандыққа барады.

- Жаңа сіз айтып қалдыңыз ғой, менің өмірімде де болған оқиға деп, сол сәтте қалай күрестіңіз?

- Наверное ата-анама көп рақмет, олар айтты, шыдамайсың бұны, жалғыз қызымызсың, так не надо, мы тебя не для этого воспитывали рожали деген сияқты, сосын Бүркіт ағам маған айтты: «сен бұндайды шыдамауың керексің, что это такое», - деп.

- Небәрі 13 күнде таспаланған фильмде сіз 2 ай бойы күйзелісте жүрдіңіз кейіпкердің рөлінен шыға алмай...

- Осы кинодан кейін, депрессияда болғаннан кейін ана жігіт фитнес центрда төбелесіп қалдық қой, осы состояниеда жүрдім да, өйткені прям ішімде как будто соны тартып тұратын сияқты болдым да мен, мен өзіме солай түсіндірдім.

Аян Батырбек, актер

- «5:32»-де маньяк едіңіз, бұл жерде кәдімгідей жәбір көрген жан сияқтысыз ғой?

- Оны енді фильмда көре жатасыздар бірақ фильмнің өзі енді сюжеті басқаша.

- Фильмнің бюджеті өте аз екен, команда тегін жұмыс істеді деп жатыр, өзіңіз гонорар алдыңыз ба?

- Жоқ, мен енді бұл жерде ради интереса келген адаммын.

Авторлық туындының режиссері – Олжас Ибраев. Киногер лентаны небәрі 7 миллион теңгеге таспалаған. Ал пост-продакшмен қосқанда лентаның бюджеті – 25 миллион. Олжас демеушісіз-ақ, жұбайының қымбат маркалы автокөлігін сатып фильмді түсірген. Еске салсақ, Олжастың жары Сара Қабдрашитова картинаның бас продюсері және екінші режиссері.

Сара Қабдрашитова, продюсер

- 27 маманың жұмысын екіге бөліп істепсіздер, қиынға соқпады ма?

- Иә қиынға соқты, 3 рет скорый помощь шақырдық, ауырдық та, өте арып кеттік.

Олжас Ибраев, режиссер

- Мен енді қанша проектте мысалға өзім мысалға оператор болып жұмыс жасағам и оны ауырсынған жоқпын, ауыр көрген жоқпын. Енді таза творческий атмосфера болды, ешкім ешкімге жаңағыдай несі жоқ, ақша үшін келген, гонорар үшін келген адам болған жоқ былай.

Мадина Сәдуақасова, әнші

- Менің өзімнің көңілімен шықты және де бір ой қалдырды. Тура осы фильмде нағыз актрисаның кәсіби актрисаның ойынын көрдім. Көңілімнен шықты. Мен браво дегім келеді Әсел өте керемет ойнап шыққан.

Жоба авторлары енді фильмді «А» санатындағы Канн, Венеция, Берлинале сынды кинофествальдерге жібермек ниетте.

Олжас Ибраев, режиссер

- Біз негізі басында фестиваль деп түсірдік. Сосын мен енді біраз кісілермен араласам жаңағы фестивальдардан кейін. Солармен жаңағыдай сөйлескенде Қазақстанның прокатынан көрсете беруге болады дейді киноны.