Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Бүгін – ғашықтар күні! Мерекеде махаббат символы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы қара шаңырақта араға жылдар салып қайта сахналанбақ. Қойылымның алғашқы көрермені театр саңлақтары мен шоу-бизнес өкілдері!
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі алғаш әкем театрда 1940 жылы сахналанған болатын. Ғабит Мүсіреповтің пьессасы негізінде жасалған қойылым бұл жолы заманауи бағытқа интерпретацияланған.
Әубәкір Рахимов, қоюшы-режиссер
- Бұрыңғылар трагедия деп бөліп жүрді, мен екі бөлімді «Махаббат дастаны» деп қойдым.
Спектакльдің алғашқы бөлімі – Қозы мен Баянның кездесуі, бір-біріне деген шынайы сезімінің оянуы жайлы болса, екінші бөлімде – қос ғашықтың махаббатына қарсы шыққан жауыз Қодармен, оның Қозыға жасаған қастандығы көрсетілген.
Ғани Құлжанов, актер
- Бұл біздің қазақ классикасындағы қазақ драматургиясындағы ең деңгейі жоғары, деңгейі биік қойылымдардың бірі деп мен санаймын.
Қойылымда Қозының рөлінде – Мағжан Асаубай, ал Баянды актриса Индира Құлмағамбетова ойнайды.
Мағжан Асаубай, актер
- Спектакль қалай өтті, сәтті өтті ма, сөзін ұмытып қалып, сценарийдін ауытқып кеткен кез болды ма?
- Менде болды бірақ айтқым келіп тұрған жоқ, қысылып тұрмын иә.
Индира Құлмағамбетова, актриса
- Бұл кісінің шалбары жыртылып қалды десең...
Мағжан Асаубай, актер
- Үй айтуға болмайды десең... Иә басында бір сахнада жыртылды соны кішкене ойлап, оның үстіне бүгін толыққанды бірінші прогонымыз болды сөздің ашығы керек тоқтамай.
Мағжан Асаубай, актер
- Сіз режисердің асситенті болыпсыз?
- Әртістердің бәрі бір қызығушылықпен болды бір ешкім ондай бір іздеп болмаса мен бір мына съемкадамын жүр едім мен келе алмаймын деген ондай болған жоқ. Сондықтан ассистент ретінде маған да жеңіл болды.
Мағжан Асаубай, актер
- Бүгін енді алғашқы көрермен театр саңлақтары мен шоу-бизнес өкілдері біз сияқты пресса...
- Неігізі ертеңгі көрерменнен бұрын бүгін қобалжыдық. Негізі көрерменге үйтіп қобалжымайтын сияқтымыз. Ұстаздарымыз отырды. Сондықтан бізге сәл сол кісілердің алдында өнер көрсету кішкене қобалжып, бірақ шүкір.
Индира Құлмағамбетова, актриса
- Менің айтайын деген сөзімнің бәрін айтып қойды.
Еске салсақ, бас кейіпкер Мағжан Асаубай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыстың ұлы. Өнер иесі де көрермен арасынан табылды.
Мағжан Асаубай, актер
- Бір қызығы залда әкеңізде отырды ғой.
- Шыны керек ең бірінші сыншым - ол менің әкем. Осы спектакльде әкем де бар, әкем Қарабайды ойнайды иә. Сондықтан негізі басқа спектакльдарда сен былай істе сен былай істеп деп айтпайды бірақ осы спектакльде жүргеннен кейін бірақ ақылын айтып отырады. Кейде сахнаға теріс қарап сөйлеме дауысың естілмей қалады деген сияқты.
- Сіздің Қозыңыз, сіздің Баяныңыз бар ма?
- Ол жағы үлкен секрет...
- Сен кәдімгі... ол жағы секрет.