Әсел Асқарды мазалап жүрген мәселе бар! Актриса арыла алмай келе жатқан кереғар қылығын ашып айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тынымсыз тірлік, бітпейтін жұмыс және жанжегі. Осының бәрі топтасып келіп, Әселдің денсаулығын айтарлықтай нашарлатқан. Бірақ актриса өзін дер кезінде қолға алған.

Әсел Асқар, тележүргізуші, актриса:

– Қазіргі таңда мен денсаулығыммен айналысып жатырмын. Стресстен кейін денсаулық маған саламаллейкум деді ғой.

– Бірінші неден бастадыңыз?

- Ішкі құрылыстан. Содан кейін гормон дейді ғой.

– Ал кереғар қылықтарды не істедіңіз?

Әсел Асқар, тележүргізуші, актриса:

– Менің бір-ақ вредный привычкам бар. Шынымды айтсам, ол темекі тартам. Конкретно темекі тартам.

- Сіз айта бересіз ба?

- Иә, онда тұрған не бар?

- Кейбіреулер ұялады ғой енді.

- Жоқ, мен оны айтпасам одан өзгермеймін ғой мен. Мені бәрібір халық көреді, көшеде көреді.

– Оқырманыңыздың балаларының тұсауын кестіңіз иә?

Әсел Асқар, тележүргізуші, актриса:

– Бірінші рет өте ауыр болды маған. Өйткені ішімде көптеген сұрақтар пайда болды. әйел қауымы түсінетін шығар мені енді. Неге мен бұндай жасай алмадым. Неге менің басыма бұйырмады екен деген сияқты нәрселер деген ой келеді. Бірақ та анандай болған жоқ, қызғаныш деген болған жоқ. Менің балам ол менің балам. Бұл кісінің баласы, осы кісінің баласы. Жақсы таза ниетпен бардым мен.

2022 жылы қазан айында Әсел, кенже ұлы Айбарыстан айырылып қалған еді. Ескі жара әлі жазылмаған. Сондықтан, перзентіне деген сағыныш жүрегіне ораулы. Дегенмен актриса көз жасын күлкінің артына жасырып, шақырған қуаныштардан қалмайды.

Әсел Асқар, тележүргізуші, актриса:

– Бірақ олар екеуі де сенбеді менің келетініме. Вообще сенбеді. Мен соған таңғалдым. Неге сенбеді деп. Онда тұрған не бар деп. Қазіргі таңда да шақырып жатыр мені. Орал шақырады, Астана. Бірақ енді ол жаққа баратындай қаражатым көп емес.