ARShAT, jeltoksan. және Soulbirkez! New school әртістер бірігіп рок-концерт өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

News school өнерпаздар бас қосқан кеш рок бағытында өтті. Ешқандай шектеусіз ұйымдастырылған концертте әртістерде де барынша өздерін еркін ұстады.

ARShAT, музыкант:

- Мен шынымен де отырып, жатып, секіріп айтқым келеді. Сондықтан сахнаның бір правиласы болмау керек деп ойлаймын. Артыңмен шық, алдыңмен шық құлап шық жатып шық главное, чтобы халыққа бір энергия берсең болғаны.

Энергетикаға толы кеште әртістерді сахна мәдениеті емес, музыка нарығындағы проблемелар толғандырды.

ARShAT, музыкант:

- Ақша. Әр әнге түр-түрлі гитарист, бас-гитарист, клавиш, полный аранжировка, сводкасына ақшалар кетеді. Сондықтан да мен апта сайын немесе ай сайын шығаратын ондай қаржылы азамат емеспін. Единственный тек ақша ғана мені ұстап отырған.

Қаржы тапшылығы Аршаттың шығармашылығына кедергі. Музыкант табыс көзінің аздығынан тректерін уақытылы шығара алмай жүр.

ARShAT, музыкант:

- Cоңғы жазған «Ізде» альбомы, мен оны 2017-2018 жылдары жазып қойдым. Бірақ 2023 жылы шығардым. Дегенмен де 2023 жылы шығарғанда обратный энергия болмай қалды да. Комментарий, лайк дегендей6 прям бум болған жоқ та.

- Уақытылы шығармағаның үшін өкінесің бе?

- Иә, өкінемін. Себебі қазір ұққаным, жазып қойған әндерді уақтылы шығарып отыру керек екен. Себіб шығармай отырсаң, как будто артыңнан тартып жатқандай, артқа сені мына әндер қалып қойды ғой деген сияқты ощущение береді маған.

- Сыр сандығыңда қанша әндер жарық көрмей жатыр қазіргі таңда?

- Айтсам, бәрі шошып кететін шығар. Заметкиімда мотив, текстімен 248 ән жазылып қойды. Бірақ сразу айтып өтейін, өзімнің карьерамда мен 80 ғана әнді шығарамын.

Тағы бір кеш қонағы – jeltoksan лақап атымен танымал Бексұлтан Бақытжан. Хип-хоп орындаушы қаржыдан бөлек те музыкада проблемалар жетерлік деп отыр.

jeltoksan. музыкант:

- Өнерге контекст керек деген әртістің бірісің. Сенің түсінігінде ол не?

- Мен типо бір нәрсе жайында айтам, бірақ енді ой бір үзік ой ғой. Бірақта ол қандай неде декорацияның ішінде болады ол түсініксіз сияқты да. Енді менің атым – Бексұлтан. Мен Атырауданмын. Контекст болсын сізге дейсің ғо.

- Саяси тақырыптарды да ашық қозғайсыз. Бұл сенің бір ұстанымыңба?

- Мені толғандырмайтын нәрсе жайында айту мен үшін енді біртүрлі, бір тупость, ақымақтық былайша айтқанда. Мен үшін, өзімді қай нәрсе толғандырады, қай нәрсе маңызды мен үшін сол нәрсе жайында айтам тек.

jeltoksan. музыкант:

- Музыкаңыздан шабыт алатындар көп екен. Тыңдармандар әсіресе қиналған сәтінде сенің музыкаң арқылы емделдік деп айтады. Сондай отзыв көп пе?

- Жасөспірімдер болсын олар жалғыз, панасыз. Суицидтердің несін.. уровенін қарасаңдар Қазақстан алғашқы орындарда, ол неліктен, себебі олар панасыз, олар жалғыз. Оларды тыңдайтын адам жоқ, ол ата-анасы тыңдамайды немесе достары тыңдамайды. Сондықтан, біз хотя бы музыка арқылы бір шынайылық берсек деп ойлаймын. Енді менің миссиям сол.

- Бұл үлкен жауапкершілік қой. Осындай тақырыптарды қозғау?

- Жоқ, енді біз қоғам ретінде бәріміз сол затқа бас ауырту керекпіз деп ойлаймын. Жалпы, менің өзімнің кішкентай бір үлесімді сол музыка арқылы бастап жатырмын, себебі мен музыкам.. қолымнан келетін нәрсе сол.

ARShAT, музыкант:

- Біз білмейтін тағы да қандай жаңалықтар қалды?

- Cіздер білмейтін осы 2024 жылы сырт адамдарымен фитке арнап жатырмын. Бірінші уже dudeontheguitar, Нұрбекпен шықты. Кейін Зеңгір деген жаңа әнші шығады. Назия деген өте керемет әнші. Одан кейін Kyle Ruh. Shiza-мен бір фит болады. Аромен 2-3 фит болады.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Эйфория, драйв, атмосфера! Бүгін жаңа толқын музыканттары тыңдарманды біраз толқытты! Меломанға Аршат – адреналин, Желтоқсан – жаңашылдық, Soulbirkez – сиқыр сыйлады! Концерт осымен тәмам!