«Тамыр» тарихи туындысының тұсауы кесілді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Орта есеппен айына Қазақстандық 20 картина кинонарыққа қосылып жатыр! Сәйкесінше, төл туындыларымыз бокс-офистың біріншілігін ешкімге бермейді! Бүгін кинотеатрларда тағы бір фильм жарық көрді! Комедия емес... тарихи драма....

«Тамыр» тарихи фильмі – халықаралық жоба. Алматы мен Минск қалаларында түсірілген лентаның препродакшны 2019 жылы басталған. Алайда түсірілім жұмыстарының уақытылы тәмамдалуына локдаун кедергісін келтірген. Басты рөлде – Данияр Тәженов пен Дина Тасболатова.

Данияр Тәженов, актер:

- Түп тамырыңды қазақша айтқанда, ұмытуға болмайды, қай жерде жүрсең де, где бы ты ни был, нельзя забывать свои корни.

Данияр Тәженов, актер:

– Бұл тарихта қалған ұлы тұлғалардың жиынтық образы. Ауыр рөл, себебі бұл үлкен жауапкершілік.

Дина Тасболатова, актриса:

- Кинонарықта айына 20-дан астам отандық туындылар шығады екен, соның тең жартысынан сізді көріп жүрміз, сұраныстың артуына не себеп?

– Жәй ғана кездейсоқтық болар... Себебі бұл жобаға 3 жыл бұрын түскен едім. Бүгін менің қатысуыммен Аскар Ұзабаевтың «Адам және Алма» картинасы қатар шықты.

- 2024 бастамасы жаман емес, соңына дейін қанша фильм жарық көреді сіздің қатысуыңызбен?

- Вот эти 2 премьеры выйдут и все.

Санжар Мәди, актер:

- Осы жерде 3 немесе 4 мықты Ресей.. Ресейдегі актерлар. Бірақ, біз сосын оны түсірдік соғыстан бұрын. Негізі иә.. қазір мен білмеймін не шықты.

Санжар Мәди - антагонист. Актер фашистердің сойылын соғып, елін сатып кеткен кейіпкерді сомдайды.

Санжар Мәди, актер:

- Соңғы кездері сарбаз, спецназ болып жүрсіз. Өткенде «Бүркіт», бүгінде «Тамыр». Қарулы күштер сапына қосыла берсеңіз болады екен ғой.

- Иә, болады.

- Әскери образдардан шаршамадыңыз ба?

- Жоқ, шаршаған жоқпын. Негізі осы фильм ол Ұлы соғыс туралы. Бізге көрсету керек ол туралы.

Санжар Мәди сондай-ақ, халықаралық жобаның креативті продюсері. Туындының пиар компаниясымен айналысып жүр. Актер картинаның жарнамасы әлсіз болса, көрерменге жетпей қалады дейді.

Санжар Мәди, актер:

- Сіз өзіңіз түскен туындыларды инстаграмм парақшаңызда өте жақсы жарнамалайсыз. Бұндай системаға Голливудта гонорар төленеді. Бізде ондай бар ма?

- Бізде өкінішке қарай жоқ. Все ол инициатива арқылы, иә.

Тарихи туындыда Дулыға Ақмолда да бой көрсеткен. «Дәстүр» фильмінің актрисасы Дина Ахметжанды да касттан байқап қалдық.

Дина Ахметжан, актриса:

- «Тамыр» туындысында өзіңіздің образыңызды айтып беріңізші?

- Басты кейіпкердің тәтесін ойнаймын. Өйткені, мамасы жаңағы менің сіңілім. Ол қайтыс болады да, сол балаларды аман алып қалу үшін, ашаршылық кезі өте сондай қиын кез ғой, өзіме алып қаламын.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Конвейрден шығып жатқан Қазақстандық фильмдер арасында «Тамыр» лайықты орынын таба ала ма? Касса көрсетеді!