«Родной-3» түсіріледі! Еламан Есентаев сиквелге Сергей Безруковты шақыра ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:

-Родной 2-нің кассалық жиыны өте жақсы болды, топ жарып шықты. Енді қалтаға теңге түскеннен кейін бірден іске кірісіп кеттіңіз ғой иә?

 

Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:

- Касса әлі түскен жоқ. Әлі кино болып жатыр. Иә шүкір жақсы болып жатыр. Бірден проекттерді түсіріп тастаймыз деп шешіп жатырмыз.

 

Еске салсақ, «Родной» картинасы – қырғызстандық «Аяш» комедиясының ремейк нұсқасы. Әдетте, фильмді айыр қалпақты ағайынмен бірлесе таспалайтын Еламан Есентаев: «Бұл жолы мүлде басқа киногерлер болады» - дейді. Тіпті актерлық құрамда да өзгеріс бар.

 

Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:

- Қазір сол келісім жүріп жатыр. Мүмкін шетелде мүлде басқа история болады. Сол шетелде түсіріп көреміз деген ой болып тұр.

Демек, бұрынғы актерлық каст болмауы мүмкін иә?

Жоқ, бұрынғы актерлық каст қалады. Тағы да қосылады.

Жаңашылдықты көздеген кинопродюсер тәуекелге бел буудан да тайынбайды. «Родной»-дың үшінші бөлімінде танымал ресейлік актер Сергей Безруков та төбе көрсетуі әбден мүмкін.

- Бір спойлер беріңізші НТК үшін.

Еламан Есентаев, актер, кинопродюсер:

- НТК үшін спойлер ма? Так білмеймін ол да 50\50 ол спойлерСергей Безруков түсетін сияқты. Ваау

- Точно ма?

- Жоқ, жоқ. Басымызда сондай тұр.