«Дәстүр» фильмі жалғасын таба ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:

-Біз өткенде ғана цифраларын көрдік, Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» фильмі 2 айда, 1 млрд 850 млн, Ал «Дәстүр» 5-ақ аптада 1 млрд 750 млн жинаған.

  • Біз үшін рекорд жасау деген ондай мақсат болған қойылмады, басынан бастап, сондықтан рекорд қойылды ма қойылған жоқ па ол маңызды емес қазір, ең маңыздысы Қазақстан киносында жаңа жанрдағы фильмдер жарып кетуі мүмкін деген тұжырымдаманы дәлелдейді.

2 миллиардқа жете қабыл бокс-офис жинаған хоррорды мақтағандар да көп. Даттағандар да аз емес. Тіпті, фильмді көрсетуге тиым салу керек дегендер де табылды.

Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:

Таяуда ғана Қазақстанды аралап тур жасап келдіңіздер, *шыныңызды айтыңызшы хейт болды ма?

  • Иә хейт болды, әрине хейт болды. Сіздер Исламды әр қарай дәріптеп жатырсыздар, дінді дәріптеп жатырсыздар, неге осы жерде мысалы сіздер осы жерде әке-шешесінің тағдырын көрсетпегенсіздер т.б. Сондай хейт кеткен. Хейт емес енді сұрақтар көп болды, біз бәріне жауап бердік. Тек жақсы ойлар болды деп өтірік айтпай-ақ қояйын.
  • Сценарист ретінде осы фильмде жаңағы кейіпкерлердің образы ашылмай қалды деген сұраққа өзінің жауабын қандай болар еді?
  • Біріншіден – хронометраж жетіспеді, екіншіден тәжіриебе жетіспеді деп ойлаймын өзімізге, өйткені біз осы фильм Қазақстанды жарып шықса да, сонда да біз үшін өте үлкен сабақ болды.

Табысты туындының жалғасуы заңдылық! Бірақ, бұл хоррордың сиквелі өзгеше болмақ. Әуелгі кейіпкерлер мен олардың тағдыры көрсетілмейді. Персонаждар мен оқиғалар ауысып, көп бөлімді толықметрге айналады.

Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:

««Дәстүр - 2» бола ма?» , - деген хит сұрақ бар, оны мен де қояйын, жоспар бар ма?

  • Голливудтағы продюсерлер сияқты, армандаған бір неймингы бар бір фильм болу керек деген. Сондықтан да менде ойлаймын «Дәстүр» деген нейминг пайда болды және де келесі жылы жалғасы табатын фильмдер тобы «Дәстүр» деп аталса да, бірақ историясы басқа болуы мүмкін, франшиза сияқты. «Астрал» сияқты, «Заклятье» сияқты.

«Дәстүр» атауы қалғанымен, жанры өзгеруі мүмкін. Алдиярдың айтуынша, ең басты мақсат – қоғамдағы ащы проблемаларды қозғау.

Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі: Фильмнен түскен белгілі бір қаражаттың белгілі пайызы, қайырымдылық қорға аударылады деп Кука айтқан еді, соны қай жаққа аударатын болдыңыздар?

  • Әйелдерді қорғайтын орындарға қайырылымдылық көмек ретінде жібереміз.

алдик дастур подкастында сахнада отыр

Кинотеатрларда фильм аяқталғанымен, желідегі пиар контент жалғаса береді. Жоба авторлары әлеуметтік тақырыптарды қамтитын роликтер мен подкасттарын әлі талай таспалайды. Себебі ол келесі фильмнің жарнамасына қажет дейді Алдик.

Алдияр Жапарханов, «ИК» тобының мүшесі:

  • Біз өзіміз Кукамен әлі талай кино түсіреміз. Сондықтан да ол да иә бір пиар ретінде болатын шығар.
  • Инстаграмыңызда «Упортно работать – бит рекорды» , - деп жазыпсыз, соған қарағанда еңбек ақталды ғой?
  • Иә, себебі мен әрдайым өзімді сценарист ретінде ғана, негізгі жұмысым сол сценарий жазу болғандықтан, бірақ қойнымда әлі де бірде-бір фильм болмаған. Сондықтан да мен үшін бұл үлкен жеңіс деп ойлаймын.