Еске салсақ, Ақерке Арыс 2020 жылы ақ келін атанған еді. Бүгінде бақытты жар, 2 баланың анасы. Бұл ақпаратқа сенбеуіңіз мүмкін, десе де актриса ұзату тойына екі күн қалғанда райынан қайтқан. Оған себеп – белгісіз жандардың іріткісі.
Ақерке Арыс, актриса:
- Екі ойлы болғанда тура сол кезде жаңағыдай той болатын кезде әйтеуір араға түсетіндер көп болады ғой. Сол кезде күйеуім қиналып, бір-бірімізбен ренжісіп жатқан кезде айтқан еді: сәл шыдасаң, барлығы жақсы боп кетеді. Қазір ғой бәрі бізді бір жағынан жаны ашып жатқан шығар, бір жағынан көре алмай айтып отырғандар өте көп. Өйткені сенің мені таңдағаныңа, менің сені таңдағаныма көре алмай отыратындар көп деп. Бірақ кішкене ғана шыдасаң ол нәрседен өтіп кетеміз. Не до нас боп қалады адамдардың бәрі деп. Дәл сондай, қазір шүкір Аллаға ешкімнен кем емеспіз.
Аламан тойға санаулы күндер қалған сәтте Ақеркеге қолдау көрсеткен бірден-бір жан – оның қайын енесі. Қазір де оның басты мотиваторы.
Ақерке Арыс, актриса:
- Ой сенесің ба сен? Мысалы, Шымкентке күйеуге шыққан кезде жалпы өнер адамдары, мен өнер адамы, мен болды осы жерден қойдым деп. Өйткені баламнан кейін бірден қызымды көтеріп қалдым. Сол кезде бірнеше сериалға түсетін кезде мен отказ бергем ғой бармаймын деп. Өйткені, балам 5 айлық деп. Енем айтады да маған сенің лицоңды бәрі ұмытып қалады ғой. Жүр кеттік мен балаңа қараймын бірге, сөйтіп Нарынқолға барғанбыз ғой қыста. Сөйтіп сол жаққа барып, енем әрдайым күйеуіме айтады бұл өнер адамы, өнер адамын қысуға болмайды, түсуі керек, қолдауың керек, өйткені осы арқылы адам ақша тауып жүргеннен кейін өзінің актриса екенін, бұл мамандығы ғой, мамандыққа ешқашан тоқтау қоюға болмайды деп ең бірден бір қолдаған енем деп айтсам болады.
- Енді отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді ғой. Осындай түсініспеушілік боп қалған сәттерде кім бірінші кешірім сұрайды?
Ақерке Арыс, актриса:
- Қырылысамыз, төбелесетін де кезіміз болды. Енеммен сөзге кеп қалған кез болды, айқайласып, ұрысып та одан кейін отырып бір-бірімізбен кәдімгідей семья боп кімге не жетіспейді, кім не айтқысы келеді соның бәрін талқылап, одан кейін бір-бірімізден кешірім сұраймыз. Басында мен сұрай алмайтынмын кешірім и күйеуім сұрайтын. Бір уақытта мен ойландым да, ал неге мен сұрамаймын, менен неге кешірім сұрай береді деп. И мен барып кешірші қате айттым осы жерін деп сондай нәрсені үйрендім. Міне осы 1 жылдың көлемінде мен кешірім сұрауды, өзім алдына барып иілуді, проблеманы барып сол жерде шешуді сондай нәрселерді үйрендім.