Марғұлан Әденнің тойына 500 қонақ шақырылған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл тойы – 2024! Марғұлан Әден үйлену тойына дәл осындай айдар тағылғанын қалайды. Продюсер өміріндегі ең маңызды күнге 3 айдан бері үздіксіз дайындалып жатыр.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Қазір жақсы болды ғой бұрынғыдай шақырту тарату жоқ. Әр үйге барып, онлайн жібере саласың, ауылдарға барып беру деген жоқ жаңа шақыртуды. Сол сияқты ғой былай ғой телефонмен енді қазір ватсаппен, өзіме қатысты тірліктерді шешіп жатырмын, ал мамаларға өзіңе қатысты тірліктер бар, жаңа құдалықта беретін сыйлықтары деген сияқты, оларды енді мамам өздері істеп жатыр.

Еске салсақ, блогердің болашақ жары - Жансая Иренші есімді сылқым. Ол 2001 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ғашықтар тур агенттік ісімен айналысып жүргенде танысқан. Марго – компания басшысы, Жансая-қызметкері болған. Міне, содан бері 4 жыл өтті.

Марго үйленуге ұсынысты Парижде жасады. Мұсылманша некелерін де сол қалада қидырды. Содан бері 3 айдан аса уақыт өткен.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Неке қиған себебім енді жүргеннен кейін енді андай от души қолұстасып жүру үшін. Қалай айтсам болды, смело некелі қол ұстасып жүрейін деген ой, сондай мақсатып болды енді. Соңғы кездері танымалдар арасында дүбірлі той жасау трендте. Мұндайдан Марғұлан да қалыс қалғысы жоқ. Блогер салтанатты шараның форматы мен концепциясын да ойластырып қойған.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Бұйырса тоссыз жасағым келіп жатыр, тоссыз. Именно басында үлкен кісілер сөйлейді, ақ батасын беріп, ары қарай концерт форматында өтеді, ойындармен. Хедлайнер демеймін енді бәрі хедлайнер ғой енді. Достарым бәрін хедлайнер деп білемін, өзім енді.

Шақырылған меймандар саны – 500-ден асып жығалады.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

– 450-500 деді ау, 450-500 деді ғой. Ресторан солай позволяет шүкір. Бізде Таразда ресторандар дәу ғой енді, 500 адамға дейін сыйғыза береді да, сол үшін барлық достарымды Таразға шақырып жатырмын.

Блогер тойға қыруар қаржы жұмсағанымен, шараның ұйымдастыру жағын достарына табыстағанын айтады.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Жігіт жолдас – Жансерік Қадырбаев. Иә, дайындалып жатыр. Барлық жағынан шүкір көмек беріп жатыр, тамада жағынан болсын, мен шешіп берейін, мынаны мен алайын дейтін достарым бар, бұйырса келеміз, қызметте дейтін достарым барлығы ос кезде енді поддержка максимально беріп жатыр. Ол жағынан ешқандай жаман нәрсе айтпаймын. Жалоб жоқ.

Бір қызығы, тойда хедлайнер болмайды. Бірақ Марғұланның өнердегі әнші достары түгелдей жиналып, жанды дауыста ән шырқауға сақадай сай тұрғандарын айтады.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Jah Khalib сияқты жұлдыздар болмайды енді, өзімнің достарым, үйтіп шашылғым келіп жатқан жоқ енді.

Той ақпанның соңына жоспарланған. Жансаяны Алматыдан ұзатып алып кетіп, неке қию салтанатын Таразда жасайды. Шараның 90 пайыз шаруасы дайын. Тіпті қалыңдықтың той көйлегі де таңдалған.

Марғұлан Әден, продюсер, блогер:

- Олай бренд сұраған жоқ. Өзіме қайсысы жарасып тұр, соны аламын деді болды. Алып қойдық иә.