– Жақында екінші рет әке атанасың.
Артур Давлетьяров, әнші:
– Құдай қаласа.
- Бұл жаңалықты қалай қабылдадың естіген кезде? Көзіңе жас алып қалдың. Видеодан көрдік.
- Иә, әрине. Аяғы ауыр екенін білдік қой. Әйелім екеуіміз, үлкен гендер пати жасамай-ақ қояйық деп, өзіміз үйде отырып торт алып келген ғой сол. QR-ын көргенде, дауысын естігенде, уже жылағым келіп кетті ғой.
- Жүрегің нәзік па?
- Жүрегім өте нәзік. Досыма болсын, ата-анама болсын өте нәзік. Так что мені ренжітпеңдер десең.
– Сумаяның атын өзің қойдың. Тұңғышыңның атын. Екінші қызыңның атын кім қояды?
Артур Давлетьяров, әнші:
– Анама берем. Анама айтып қойдым.
- Енең ба? Анаң ба?
- Анам, анама берем. Анам қояды енді бұйыртса. Бұл енді примерно енемен, бізбен ақылдасып қояды ғой бір атты.
- Шамамен қандай ат қоятындарың белгілі ма?
- Білмейміз әлі. Мамада фантазия үлкен ғой енді. Мені Артур деді, ойлаңыз енді.
- Сол 99-шы жылы Артур деген атты қойып тұрған адам, өте ерекше, креативті атты қояды дейсің ғой?
- Ой, оның фантазиясы... Көреміз...
– Тойларға жиі шығасың ба?
Артур Давлетьяров, әнші:
– Тойларға жиі шығам. Алматы енді тойлардың отаны болған соң, хабарласады: қаладасың ба? Кел. Барасың.
- Ставка нешеден болып жатыр?
- Айтпаймын. Прямой менеджерге звондаңдар.
- Иә, страницасында менеджерінің нөмірі тұр. Хабарласыңдар. Мен сияқты сұрақ қоймаңдар.
- НТК сәлем! Самая вышка!