Айдана Шалқар, @aiudna
Шерхан Пірназар енді - офицер! Оның ендігі мақсаты – Отан үшін от кешетін нағыз батырларды тәрбиелеу. Бұл кезекті комедиядағы Шераның рөлі! Біз бүгін «НВП ағай» толықметрінің түсірілім алаңындамыз.
Шерхан Пірназар, актер:
- Менің кейіпкерім – Ербол Айтбаев деген майор жігіт. Әскери адам. Жұмыста жүргенде бір оқиғаға тап болып, аяқ астынан командирдің указымен мектепке жібереді. Яғни, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ бересің деп.
- Негізі әскери адамды сомдап шығу оңай емес. Зерттеп көрдіңіз ба алдын ала?
- Өзім де кішкентай кезімде әскери адам болуды қатты армандадым. Арман қуалап 2010 жылы Алматы қаласына әскери оқуға тапсырдым. Белгілі бір себептерге байланысты оқудан кетіп қалдым. Қазір міне сол кейіпкерді өзім сомдап жүрмін.
Шерхан Пірназардың экрандағы партнеры – Индира Сабирова. Айта кетейік, бұл – олардың ғашықтарды сомдайтын алғашқы жобасы емес. Осыған дейін де бірнеше рет ерлі-зайыптылардың рөлінде болған еді.
Индира Сабирова, актриса:
- Физика пәнінен беретін ұстазды сомдайтын боламын. Жаңағы Шерхан Пірназардың фильмдегі персонажының аты Ерболдың осы мектепке келіп ғашық боп қалатын қызы.
Шерхан Пірназар, актер:
- Осы уақытқа дейін Индирамен 1-2 жобаларды бірге ойнадық. Ғашық болып көрдік. Арамызда сол жобалардың арқасында бұл жерде ешқандай бір қиындық болған жоқ. Осы уақытқа дейін Индирамен арамызда химия, яғни коннект пайда болды ғой.
Өнер иелері нағыз махаббатты көрерменге ешбір боямасыз жеткізу үшін тырысып бағуда. Еске салсақ, Шерхан да, Индира да – отбасылы жандар. Бұл ретте олардың жұбайы фильмдегі партнерларынан қызғана ма? Өздерінен сұрап көрдік.
Шерхан Пірназар, актер:
- Жоқ, қызғанбайды. Үйреніп қалды ғой негізі.
Индира Сабирова, актриса:
- Негізі тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды ғой. 3 жылдың ішінде біраз проекттер болды. Біріншіден иммунитет дорабатывается. Оның үстіне Шерханмен де жақсы таныс.
Бұл картинадан old school мен new school әртістерінің ерекше тандемін көре аламыз. Мәселен, Бақыт Әліпбаева мен Нұржан Садыбеков те – басты рөлдердің бірінде.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
- Маған бұл фильмнен мектеп директорының рөлі бұйырып тұр. Негізі мектеп директорын бірінші рет ойнап тұрмын.
Нұржан Садыбеков, актер:
- Бұзық адаммын. Әр адамның өзінің шындығы болады. Сол менің кейіпкерімнің негізінде өз шындығы бар.
- Өзіңіз мектепте НВП сабағын қалай оқыдыңыз?
Индира Сабирова, актриса:
- Есімде бір жарық сабақ сияқты қалған емес. Сол денешынықтыру сияқты сабақ болды мен үшін.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
- Бір жарытып керемет оқыған жоқпын. Автоматпен бір нысананы көздеп ататынбыз. Сол кезде де дұрыс тигізе алмайтынмын.
Нұржан Садыбеков, актер:
- Мен сол нвп ағайдың, ойнап жатқан рөлдегі әскердің бір түрі бар дизантура деген. Сонда служить еткенмін мен негізі.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Бұл фильмде Шерхан Пірназар тіл алмайтын оқушыларды тәртіпке бағындыру үшін барын салады. Мақсатына жете ала ма? Жоспары жүзеге аса ма? Жауабын үлкен экрандардан көретін боламыз.