Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Арман-ай тым алысқа әкеттің-ау сен мені
Қайғы ма, қуаныш па, әуре боп жүрмін бе әлде?
«Жігіттер» квартетіне 20 жыл! Есеп беру кешіндеміз!
«Жігіттердің» бағын жаққан «Ерке қыз» әні. 3000 жанкүйер. Ерекше декорация. Бишілер. Дайындық қатты.
– Киіз үйдің ішінен шығасыздар ма?
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Біз барлық киімдерді осы киіз үйдің ішінде ауыстыратын боламыз және де бізде театральный қойылымдар болғаннан кейін көбінесе осы киіз үйге байланысты.
– Бізге кішігірім экскурсия жасасаңыз .
– Неше образ болады?
– 3 образ болады ғой.
Кеште «Жігіттерден» бөлек, Жанар Айжанова, Айгүл Елшібаевалар болды.
– Бүгінгі концерт аншлаг. Кезіндегі хиттерден бөлек, жаңа репертуардан әндер бола ма?
Мырзахан Маханов, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Иә, жаңа әндер болады. Енді 65 пайызы бұрынғы әндер. Өйткені 20 жыл толып отыр. 20 жылдан бері біз сіздермен бірге, халықтың алдында осы әндермен өстік деген сияқты. Соны қайталау ретінде есеп беріп жатқаннан кейін айтып өтеміз.
– Бүгінгі кешке қанша уақыт дайындалдыңыздар?
Бағлан Әбдірайым, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Білек сыбана кіріскеніміз, бір айдай уақыт болды ғой.
-Бір айдан аз сияқты ғой?
-Мүмкін. Иә, жігіттер өздері дайындалды енді.
-Сіз съемкада болдыңыз.
-Съемкада жүрмін иә. Бүгін концерт, кеше келдім ғой қалаға.
– Би бола ма?
Бағлан Әбдірайым, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Жоқ, би жоқ енді. Жастық шақта биледік қой.
-Би болмағаны да дұрыс шығар. Әйтпесе сіз дайындықта болмадыңыз. Ілесе алмай қалуыңыз мүмкін еді.
-Иә, бір иықпен билейтін биді қойып қойыпты енді. Өздері билейтін шығар. Мен қазір шәяйін деп тұрмын ғой.
– Концерт алдында ыстық сумен ингаляция жасап, тамағыңызды емдеп жатқаныңызды көрдік. Қазір қалайсыз?
Ердос Қанаев, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Жалпы енді ауырып жүргеніме 1 апта болды шынымды айтайын. Тамағым ұстады да, сонымен кәдімгі жазылмайды. Еттері ғой, әсіресе еттері. Енді амал жоқ. Тура концерттің алдында осылай жаттығулар жасап, шығу керек болып тұр.
– Тағы бір қызық. Бүгін сахнада Бағлан ағамен айтыс болады екен иә? Өз партияңызды өзіңіз жаздыңыз ба әлде сценаристер көмектесті ма?
Ердос Қанаев, «Жігіттер» квартетінің әншісі:
– Ақындар жазып берді. Жандарбек Бұлғақов.
– Бағлан ағаға да, сізге де жазып берді?
-Иә, иә. Енді өйткені біз ақын емеспіз ғой.
– Кім жеңеді? Мен жеңем деп қойсаңызшы...
-Иә, мен. Сценарий бойынша мен жеңем.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Міне, осымен 2 сағатқа созылған концерт өз мәресіне жетті. Ностальгия, кезіндегі өңі кетпеген, бояу кеппеген әндер. Әр тректі қосыла шырқаған жұрт. «Жігіттердің» жыры таусылмасын!