Айдана Шалқар, @aiudna
- «Ұялам но үй алам»! Бұл – Ақболат Өтебайдың кезекті комедиясы. Еске салсақ, «Маған назар аудар» картинасы 1 млрдтан аса касса жинап, топ жарған еді. Енді міне, киногерлер араға бір жыл салып, 2-ші жобаны бастап кетті.
- Сіздер «Маған назар аударды» 2022 жылы түсірген едіңіздер. Көп ұзамай 2-ші толықметрді бастап кеттіңіздер. Қиын емес па?
Ақболат Өтебай, актер, кинопродюсер:
- Жоқ, көп ұзамай дегенде, керісінше біреулер жылына 2 фильм түсіріп үлгеріп жатыр ғой. Біздер 1 жылда бір фильммен опыт алып алайық деп жатырмыз.
- Ал, бұл «Маған назар аудардың» жалғасы деп айта аламыз ба?
Ақболат Өтебай, актер, кинопродюсер:
- Жоқ, өйтіп айтуға келмей тұр. Өйткені, оқиға бөлек.
Бұл фильмде Ақболат Өтебай – отбасының қамы үшін тер төгіп жүрген отағасының рөлінде. «Комедия арқылы ер адамдар туралы коучтар насихаттап жүрген стереотиптерге жауап береміз» - дейді ол.
Ақболат Өтебай, актер, кинопродюсер:
- Ер адамның қазір қоғамда деген дәрежесін әртүрлі түсіріп жатыр ғой енді. Неше түрлі психологтар бар, неше түрлі Европаның білімін оқып келгендер бар. Ол енді аль-Фараби мен жоғары, сосын Астанада тұратын тұрғындарға түсінікті понятие шығар.
Көрермен осы жолы да Ақболат Өтебай мен Мадина Оспанның тандеміне куә болады. Кинопродюсердің айтуынша, арнайы кастинг өткізіліп, қаншама актриса басты рөл үшін таласқа түскен. Десе де картинадағы келіншектің кейіпін сомдау Мадинадан өзгелеріне бұйырмаған.
Ақболат Өтебай, актер, кинопродюсер:
- Мадинамен түсіп жатырмыз. Болашақта да түсе беретін сияқтымыз сол Мадинамен. Мадина екеумізді әлі ерлі-зайыпты деп ойлайтындар бар ғой. Сол біздің оқиғамызға больше сендіретін сияқты.
- Жаңа Ақболат аға айтып жатыр: «Кастинг өткіздік. Актрисаны ауыстырғымыз келді. Басқа да бір актрисаларды көргіміз келді»-дейді. Бірақ Мадинадан артық ойнайтын ешкім жоқ дейді. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
Мадина Оспан, актриса:
- Білмеймін енді, ойламаймын менен артық ойнайтын актрисалар жоқ деп. Енді біз бір-бірімізге үйренісіп қалғанбыз партнер ретінде.
- Әлі күнге дейін осы Ақболат аға екеуіңізді «Ерлі-зайыпты ма шын өмірде?» деп ойлайтындар бар. Осындай пікірлерге қалай жауап бересіз?
Мадина Оспан, актриса:
- Басында енді әр қайсысына түсіндіріп жүретінбіз. Қазір оған уақыт та жоқ. Ол үшін үйде де бір-бірімізбен ренжісіп күйеуіммен өйтіп қалмаймыз. Біз үшін уже үйреншікті жағдай «Аааа» деп өтіп кете береміз.
- Жаңа Ақболат аға айтып жатыр «Бюджет жағын мен білмеймін, Азамат біледі»- дейді. Осы жолы киноға қанша бюджет жұмсап жатсыздар?
- Неге, өйткені андай болады примерно жобалайсың, форс мажор дейтін болады.
- Өткен жолы 100 млннан аса жұмсаған едіңіздер. Қазір одан да көп шығар енді?
- Одан көп негізі.
Айдана Шалқар, @aiudna
- «Маған назар аудар» картинасы 100 млн теңгеге таспаланған болатын. Бұл жолғы бюджет одан да көп. Продюсерлер: «Касса бойынша да асып түсуге дайынбыз»-дейді. Ендеше, сәттілік тілейміз.