«A'Studio» тобында апгрейд! 35 жылдық тарихы бар ұжымның жаңа бағытты байқап көруіне себепкер отандық лейбл. «õzen» продюсерлік орталығы ресейлік поп-орындаушыларға «А'21 Live Session» атты жоба таспалап берді. Ол - «A'Studio»-лықтардың жаңа альбомдарына енген тректердің YouTube платформасындағы премьерасы.
Байғали Серкебаев, «A'Studio» тобының мүшесі:
– Біз өзіміздің рекордымызды жаңарттық, 18 сағатта 4 бейнебаянды қатар түсірдік. Өзеннің жігіттері монтажымен айналысты, мен музыкалық жағынан пост-продакшнды өз қолыма алдым.
Лайф перфоманс Алматы қаласында таспаланған-ды. «А-Студиолықтар» заманауи электронды музыка арқылы тәжірибе жасап көрдік дейді. Үнтаспа локдаун кезінде жазылған. Ал, жинаққа енген композицияларға бейнебаян тспалауды «õzen» лейблына сеніп тапсыру идесы Байғали Серкебаевқа тиесілі.
Кети Топурия, «A'Studio» тобының мүшесі:
– «Өзен» түсірілімге небәрі үш күн қалғанда жобаны қолға алды. Біздің образдарымыз да дайын емес еді, бірақ оперативті әрі сапалы әрекет етті. Кәсібиліктерін дәлелдей алды.
«õzen»-нен бөлек, жобаға атсалысқандар арасында жас музыкант әрі продюсер M’Dee-де бар. Еске салсақ, бұған дейін Мәди Тоқтаров «A'Studio»-мен бірге «Мосты» атты дуэт ұсынған болатын.
Байғали Серкебаев, «A'Studio» тобының мүшесі:
- Альбомның жүзеге асуына бізге көмектескен жас музыкант M’Dee-ді айта кету керек. Мади бізге тректерді көмектесті. Сенім артқаныма еш өкінбедім.
«A'Studio»-ның live форматта ұсынған жобаларының түсірілім жұмыстары оңайға соқпаған. Себебі, жабық локацияда режиссер қашықтықтан қадағалап отырған. Ал оператордың орнына заманауи техника жұмыс жасаған.
Кети Топурия, «A'Studio» тобының мүшесі:
– Локацияның ыстық болғаны соншалық, кондиционерлердің суытуға шамасы жетпеді. 40 градуста тоқтаусыз жұмыс істеуге тура келді. Миллион дубль жасаған шығармыз. Сондықтан да оңайға соқпады, себебі әр дулбь сайын әнді қайта басынан жанды дауыста орындадық.
Владимир Миклошич, «A'Studio» тобының мүшесі:
– Камера айналып тұрғандықтан, операторды отырғуыз мүмкін емес еді, себебі ол кадрға кіріп кетеді. Сондықтан біз қашықтан түсіретін техниканы қолдандық. Бұл эксперимент бізге ұнады.
Бүгінде «õzen» продюсерлік орталығының басшылығымен түсірілген жобаның 3 бөлімі жарық көрді. Алдағы уақытта жалғасы да тыңдарманға ұсынылмақ. Сондай-ақ, «A'Studio» отандық лейблмен әлі талай коллоборация орнататанын мәлімдеді.