Айдана Шалқар, @aiudna
- Біз бүгін “Көршілер” картинасының түсірілім алаңына келдік. Фильмде ата-ана мен бала арасындағы кикілжің көрсетіледі. Одан бөлек, бір-бірімен араз көршілердің оқиғасы айтылады. Сонымен, хэппи энд бола ма? Қазір анықтайтын боламыз.
«Көршілер» картинасы – олд скул өнер иелерінің басын біріктірген жоба. Басты рөлдерде – Алмат Сақатов, Дариға Бадықова, Жанатбек Бәйтеков, Шынар Жанысбекова.
Дариға Бадықова, актриса:
- Мен түсейінші, көрейінші деген көзқараспен келдім. Ниче жаман емес. Көбісі жастар, жастарды кішкене үйретпесең болмайды. Но жұмыс істей алмайтын жастарды көргенде кішкене ашуланып қалатыным бар.
Актриса мансапта жолы болмаған, жұбайын алға сүйреп жүретін әйелдің рөлін сомдайды.
Дариға Бадықова, актриса:
- Химия пәнінен сабақ береді. Сол Бадықовадан асып тұрған айырмашылығы жоқ, ерекшелігі жоқ.
Фильмдегі көршілер бір-бірімен жау. Ал, актриса өзінің өмірдегі көрішелерімен қандай қарым-қатынаста? Өзінен сұрап көрдік.
Дариға Бадықова, актриса:
- Жұмыс бабына қарай көршілермен араласпаймын. Сәлем, қалайсыз деп өтемін. Бірақ Құдай тамаққа бару, наурыз көже дейміз иә, сондайларға күйеуім барады. Менде ондай бір уақыт болмайды. Көршілердің өздері әзілдейді екен замок ашылды деп, біздің ворота ашылса «Замок ашылды, Дариға шықты»-деп айтады екен.
Киноның сюжеті көңілінен шықса да, актриса жаңа әріптестерімен өзара коннект құру қиынға түсіп жатқанын жасырмайды.
Дариға Бадықова, актриса:
- Коннект ондай күшті деп айта алмаймын. Маған ұнамайтыны бірінші күндерде енді кім қандай актриса келеді соған дайындықсыз жұмыс істейтін топ құрамдары ұнамай қалды. Себебі, бір ескі киім берген жағдайда, тапочканы алмаған жағдайда, допустим сен 40 размер киесің, 38 размер кигізсе, сен уже это или отношение или өзінің жұмысының несі ма деңгейі ма деп қарайсың да.
Алмат Сақатов картинада Дариға Бадықованың жұбайының рөлінде. Мансабында жолы болмаған, көршілерінің жетістігін көре алмайтын кейіпкерді сомдайды.
Алмат Сақатов, актер:
- Ауылдарда болады ғой бір арызқой бір адамдар болады ғой. Өзінің кемшілігін басқадан көретін. Өзінің істей алмайтын нәрсені басқадан көретін. Жаңадан бір көрші келеді, ол деген интелегентный, аккуратный, есік алдын таза ұстайды, біздің үйдің талқаны шығып жатады, әйелім де сондай.
-Кино «Көршілер» деп аталады. Өзіңіз өмірде көршілеріңізбен жақын араласасыз ба?
Алмат Сақатов, актер:
- Мен өзім жеке меншік үйде тұрам. Көршілерімді жақсы көрем. Танимын, 3 орыс, бір қазақ көршім бар. Соның ішінде қазақ көршім ғана жазғыш. Орыстардың шаруасы жоқ менде.
Аталмыш картина көрерменге «Көрші ақысы-Тәңір ақысы» - деген месседжді жеткізгісі келеді. Үнемі араздасып жүретін қоңсылардың балалары бір-біріне ғашық боп, фильм арнасы кенеттен бұрылып кетеді.
Бекзат Жүнісов, актер:
- Ғабит деген кейіпкер болады. Өзі футболист, футболды қатты жақсы көреді. Иә, ауылбай. Рақмет. Костюмерлердің бір ұнаған жері, өзінің мінезіне сай, көркіне сай десең иә, киіндіріп жатыР.
Наргиз Айдарова, актриса:
- Менің кейіпкерім – Ұлболсын. Қаладан келген, қаладан көшіп келген. Осындай ауылбай жігітпен дос болады. Иә, екеуі сыныптас болады.
Айдана Шалқар, @aiudna
-“Көршілер” картинасының түсірілімі қарқынды жүріпжатыр. Көп ұзамай көрерменнің назарына жол тартпақ. Ал, біз “Қазақ еліне +1 комедия” дейтін күнді асыға күтетін боламыз.