Әділет Жауғашар, әнші:
– Алматыға қоныс аудардым. 9 күн болды. Мен Алматыдамыыыын...
- Алматы құшақ жайып қарсы алып жатыр ма?
- Құшақ әлі де кең. Тағы бір-екі адамдар болса, алып келем әлі.
– Өзің ғана көшіп келдің ба? Ата-анаңды алып келдің ба?
– Өзім бауырларымды ертіп келдім. Ата-анамды енді алып келем. Ол жұмысттарын реттеп келеді.
– Шығармашылығыңда не жаңалық? Алматыға көшіп келдің?
Әділет Жауғашар, әнші:
– 35 минуттық клип түсіріп жатырмын. 5 әннен тұратын. Сценарий бойынша, альбом.
Қазақстанда бұрын-соңды болмаған 35 минуттық клипте Ақжол Пірімбет те ойнауы керек болған. Бірақ қос танымал ымыраға келе алмаған.
Ақжол Пірімбет, актер:
– Әділет Жауғашар алдында клипына шақырған.
- Бармадың ба?
- Бірақ уақыт бойынша келісе алмай қалдық. Менің уақытым болмай қалды.
Әділеттің түсіріліміне басқа танымалдар уақыт тапқан. Актерларды, әншінің өзі санамалап өтті:
Әділет Жауғашар, әнші:
– «Жездуха» сериалындағы актерлар болады. Шахизада, Ақбота-Нұр боп қала ма білмеймін, әлі белгісіз.
- Гонорар сұрап жатыр ма?
- Иә... Деп қоясың ба)
Соңғы уақытта Ақбота-Нұр мен Әділет Жауғашарды жұп көретін жұрт артты. Әншінің өзі де бұл сөздерді жоққа шығармағандай...
– Негізі басың бос па?
– Ақботадан сұрайын десең. Ойнап айтам.
- Ақбота екеуіңнің видеоларың қатты тарап кетті.
– Халық қосқаннан кейін қосылып жатырмыз ғой.
Әділеттің 35 минуттық клипі 5 әннен тұрады. Әзірге релиз уақыты белгісіз.
– Сол 5 әннің біреуінің қайырмасын айтайықшы. Қатты өтетінін.