Гүлнұр Мамасарипова мен Санжар Омаров фильмнің идеясын бөлісе алмай, жанжалдасып қалды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

Күйеуіңіз іше ме? Сізге көңіл бөлмей ме? Балаларыңыз тіл алмай сөз қайтара ма? Шаршадыңыз ба? Онда сізге Баян Мақсатқызы көмектеседі. Танымал продюсер енді коуч-мотиватор! Қазір мен дәл осындай ерекше сюжет желісіне негізделген фильмнің тұсаукесеріне келдім.

Ене, күйеу, балалар мен қайынсіңлі. Күнделікті күйбең тіршілік, мәнсіз, мағынасыз өтіп жатқан өмір. Алайда бас кейіпкер Дариғаның бұл күйі әлеуметтік желідегі коуч-тренерді кездестіргеннен кейін өзгере бастайды.

Қысқасы, картинадағы бас кейіпкердің прототипі қарапайым қазақ әйелдері десек те болады. Лента арқылы киногерлер шынайы отбасылық өмір мен ондағы мәселелерді көрсеткісі келген.

Санжар Омаров, режиссер, сценарист:

– Бұл кино қазақ әйелінің басындағы проблемасын көтергісі келген. Бұл факт әрине қуантады. Идея Гүлнұр Мамасарипованыкі деп естідім.

– Иә, идея авторы - Гүлнұр Мамасарипова. Ол ойымен бөлісті, сценариін өзім жазып, осылай кино түсірдім.

– Гүлнұр Мамасарипова ханым өзінің әлеуметтік желісінде жазған болатын идеяны қызғанып қалдым деп. Ол туралы естідіңіз бе? Идеяны сатып алдыңыздар ма?

– Иә, Гүлнұрдың аздап өкініп қалғанын естідім. Оның бойында қызғаныш, көре алмаушылық пайда болған шығар. Бірақ әуел баста бұл жобаны бірге жасауға ұсыныс білдіргем. Бірақ оның басқа жобалардан қолы босамай, кейін өзіне барып онда осы идеяға негізделген фильм таспалайтынымды айттым. Келіскендей болған, алайда фильмнің нәтижесін көріп ойы өзгерді.

Өкінішке қарай, тұсаукесерде фильмнің бас кейіпкері - Ақсүйрік Хамза төбе көрсетпеді. Ал ленада оның күйеуі рөлін театр және кино актеры Мерей Мұхтарұлы сомдаған болатын.

Мерей Мұхтарұлы, актер:

– Жалпы осы фильмде коуч-мотваторлар тақырыбы да көтеріледі. Өзіңіз коуч-мотиваторларға барып көргенсіз бе? Пікіріңіз қандай?

– Мен коуч-мотиваторларға жан дүниеммен қарсы адаммын.

– Неліктен?

– Иә, кейбіреулері бар, көпке топырақ шашпаймын. Кейбіреулері бар есі дұрыс нәрсе айтады. Бірақ кейбіреулері Еуропаның мәдениетін қазаққа алып келгісі келе ме. Бізге жат нәрсе айтады, қазақтарға.

Коуч-тренер демекші, фильмдегі бұл кейіпкердің образы Баян Мақсатқызына бұйырған. Танымал продюсер жаңа амплуаны жатсынбағандай.

Баян Алагөзова, продюсер, актриса:

- Баян ханым, мен өмірімді жақсы жаққа өзгерткім келеді. Маған қандай кеңес берер едіңіз?

– Мен кеңес бере алмаймын. Өйткені мен тек қана актриса болып, коуч болып мына фильмде ойнадым. Ешқандай кеңес бере алмаймын.

– Әрине бұл қалжың. Фильмді жаңа көріп шықтыңыз, әсеріңіз қандай? Пікіріңіз қандай?

– Өте-өте маған кино ұнады. Өте айтары мол. Келіңіз, көріңіз өздеріңіз.

– Байқасаңыз бұл жақта әйелдердің тақырыбын көтерген. Қазақстанда мұндай фильмдер өте аз. Қалай ойлайсыз?

– Иә, мұндай фильм аз. Мүмкін екінші фильм ба. «Бақыт» деген бірінші орында. Ал енді мынау тек қана әйел үшін екінші фильм болып шықты.

Шерхан Пірназар, актер:

– Фильмге қатысты пікіріңіз қандай? Ұнады ма?

– Фильм өте керемет, кеңес берем, кеңес берем, кеңес берем. 10/10. Өмірдегі болып жатқан жағдай, отбасындағы небір кикілжіңдер, небір махаббат, небір историялар көпқой таңнан кешке дейін. Сол күнделікті болып жүрген ситуацияны бізге көрсетті. Осы фильмді көріп отырып әрбір еркек өзін елестетеді, әрбір әйел өзін елестетеді, әрбір ене өзін елестетеді, бұл короче елестету ғой.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Шынымды айтсам 1-2 жыл болды көп премьераларға бара бермеймін. Өйткені карантиннен кейін көп кинолар майдаланып кетті бізде Қазсқатанда. Сондықтан мына киноға не үшін бару керек, чисто әйел адамдарға, еркек адамдарға ішкі дүниесі, бытовуханы қалай шешуге болатынын осы семейный драмадан, мен үшін драма комедия болды негізі. Екеуі бар ішінде.