«Қазақша бизнес Бразилияда!» Нұрлан Қоянбаев актерлық құрамды өзгертіп, франшизаның 7-ші бөлімін таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Бұйырса «Қазақша бизнес 7 – ші» бөлім түсіреміз Бразилияда. Сондай дайындықтар болып жатыр. 15 қыркүйекте 1-2 сьемкасы бар, одан кейін бітіп, монтаж басталады.

Нұрлан Қоянбаев дәстүрден жаңылмай брендке айналған жобасын осы жылы да ұсынбақ. Кинопродюсер бұл жолы – 218 миллион халқы бар Оңтүстік Амрикаға аттанады. Рио – де -Жанейро, Бразилия қалаларында 20 күннен аса түсірілім жұмыстары жүреді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Қазір шет елге шығу өте қымбат болып жатыр. 7 бөлімі бар кино жыл сайын шыға бермейді. Сондықтан да жауапкершілік өте үлкен. Егерде кейбір көрермендерге біреуге Түркия ұнайды, біреуге Индия ұнамайды деген сияқты. Сол келесі бөлімді одан да жақсы қылып түсірейік деген сияқты өзімізде сондай жауапкершілік бар.

Еске салсақ, «Қазақша бизнес» комедиясының алғашқы бөлімі 2016 жылы жарық көрген еді. Қоянбаев миллиард касса жинаған отандық тұңғыш кинопродюсер.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

Қазақстанда комедиялар көп түсіріліп жатыр, біреуі жақсы, біреуі жаман. Бірақ менің ойымша түсіріле бергені дұрыс. Тек мықты мемлекетте ғана комедия көп түсіріледі. Жалпы тек мықты мемлекеттер, мықты қоғамдар ғана өз өмірлерін күлдіріп, күлкіге айналдырып көрсете алады.

Жан Байжанбаев, Қажет Смағұл, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова және Рамазан Амантай. Көз үйренген бұл актерлар жаңа бөлімде эпизодтық рөлдерді ғана ойнайды. Қоянбаев жаңалық жасағым келді дейді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Қазір осы 7 бөлімге бүкіл режиссерларды, сценаристтерді ауыстырдым. Жалпы басқа көзқарас болсын деп. Қазір осы «5:32», «Сержан братан» түсірген режиссер Әлішер Утев. «Қазақша бизнес Бразилия» киносының режиссері, сценаристі.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

Сіз айтып жатсыз ғой команданы өзгерттім деп, актерлық құрам өзгеріп кетпей ма мысалы, Индияда азайып қалдыңыздар деген сияқты.

Бұл жолы 80 пайыз өзгереді. Актерлар болады бірақ біз шамалы көрерменге қызық болу үшін көптеген эксперименттерге барып жатырмыз. Кәдімгідей сұқбат болып кетті ғой.

Онда күтетін боламыз!